Бір күнде 1486 адамнан вирус табылды

Malim Админ

  • 28.06.2020

Соңғы апта елімізде коронавирус инфекциясы өрши түсті.  Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды вирус тез таралып жатқан елдердің қатарына жатқызды.

Денсаулық сақтау министрлігнің мәліметі бойынша, 27 маусым күні Қазақстанда 1486 адамнан коронавирус табылды: ауру белгісі байқалған - 461 науқас, ауру белгісі жоқ 1025 адам анықталған. Бір күнде 190 адам жазылып, 16 адам қайтыс болған.

Қазақстанда симптомы жоқ "тасымалдаушыларды" қоса есептегенде 36 353 адамнан коронавирус анықталған. 20 780-і - симптомы бар науқас, 15 573-і - "симптомы жоқ" тасымалдаушы. Эпидемия басталғалы бері 12 738 адам жазылып шығып, 166 адам қайтыс болды.

3 маусымнан бері Денсаулық сақтау минстрлігі симптомсыз тасымалдаушыларды коронавирус анықталғандардың ресми статистикасына кіргізбей, бөлек беріп жүр.

Фото: Azattyq.org

Байланысты жаналықтар

Кәсіподақ диқандар айлығының өсуіне ықпал етті

19.05.2020

Адвокат Құспан президент жолдауына пікір білдірді

01.09.2020

Қатаң карантинді екінші рет енгізген жалғыз елміз

05.07.2020

Денсаумин 12 жастан асқан балаларға вакцина егуді қарастырып жатыр

16.07.2021

Ресей төбемізден тағы "Протон" ұшырды

31.07.2020

"Ауыл" саяси партиялардың рөлін талқылады

21.09.2020
MalimBlocks