457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Назарбаевқа тағы бір ескерткіш қойылды

Нұр-Сұлтанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған тағы бір ескерткіш ашылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Ұлттық қорғаныс университетіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырғанын атап өтті.

– Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев», - делінген хабарламада.