Президентті қолдау керек

Malim Админ

  • 10.07.2020

Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты саясаттанушы Расул ЖҰМАЛЫ пікір білдірді.

«Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында маңызды шешімдер жарияланды. Әсіресе, жауапкершілік, денсаулық сақтауға қатысты, өз жұмысын дұрыс атқармаған құзырлы мекемелердің жұмысын тоқтату туралы айтылды. Енді осының бәрі қалай іске асатыны маңызды. Президент осыдан 2-3 күн бұрын да тікелей эфирде үндеу жариялаған болатын. Бұл, қажетті нәрсе. Себебі коронавирусқа қатысты жағдай өте ауыр, елдің жағдайы мүшкіл. Күн сайын қайғылы жағдайларды естіп жатырмыз», - дейді Расул Жұмалы.

Мемлекет басшысы  бюджетке, экономикаға және азаматтардың қауіпсіздігіне зиян тигізетін заңбұзушылықтарға баса назар аудару керектігін де айтқан-ды. Саясаттанушы министрлер мен әкімдер де ел алдына шығып, қоғаммен бірге екендерін көрсету керек дейді.

«Халық коронавируспен бетпе-бет жалғыз қалды. Дәл осындай қиын сәтте мемлекет қайда қалды, оның қамқорлығы қайда қалды? Осындай кезеңде өте қажетті ақпарат айтылды. Енді осы айтылған дұрыс ой, негізді пікірлер іске асса жақсы. Өкінішке қарай, аузымыз талай күйді. Мәлімдеме жасалып, орта жолда қалмаса екен. Осындай қауіпті жағдайда іс насырға шаппас үшін Президент сөзін қолдап, оның қарамағындағы барлық мемлекеттік қызметкер осы айтылған дүниелерді іске асыруы керек. Олар жаңаша жұмыс істеуге қаншалықты дайын? Бұл - үлкен мәселе. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қанша рет тікелей эфирге шығып, орын алған жағдайды өз деңгейінде қарап, бақылап отыр. Бірақ министр, үкімет, әкімдердің деңгейіне қарайтын болсақ - сол баяғы ескі сарын. Олар тікелей эфирге шықпай, халық тарапынан сын болғаннан кейін ғана Алматы, елорда әкімі мәлімдеме жасады. Барлық жауапкершілікті Президентке таңып қойып, басқа мемлекеттік органдар үндемей отыратын болса - іс насырға шабады. Сондықтан айтылған мәлімдемелердің жүзеге асуына қатысты талап қою керек», - дейді ол.

Фото: muftyat.kz

 

Байланысты жаналықтар

«Көбелек» қыз – «Менің балам болуы мүмкін емес»

16.09.2021

Мұқағали ескерткішінің беті бері қарайтын болды

08.09.2021

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды

25.05.2021

Кәсіпкерлер гратқа ие болды

18.09.2020

Коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін бе?

29.04.2020

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

26.03.2021
MalimBlocks
«Көбелек» қыз – «Менің балам болуы мүмкін емес»

Мұқағали ескерткішінің беті бері қарайтын болды

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды

Кәсіпкерлер гратқа ие болды

Коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін бе?

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды