«Президент елдің көкейіндегі сөзді айтты»

  • 10.07.2020
  • Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты қоғам өкілдері пікір білдіруде. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің «еститін мемлекет» тұжырымын ұстанатынын және барлық мәселені бақылауда ұстап отырғанын көрдік. Шынтуайтында мемлекет басшысы  мына қиын жағдайдан мемлекетті шығарып жатқан  дағдарыс-менеджері болып отыр», - деді «Арнау» даму орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Ұлан ӘБІШЕВ. 

Қоғамдық ұйым басшысы бұл жиында президенттің елдің барлық түкпіріндегі жағдайдан хабардар екенін байқадық дейді.

«Оның бұйрықтарынан халқтың жайлы өмірі үшін қатаң һәм нақты шешімдерді қабылдайтынын аңғардық. Президент орталықтағы және аймақтардағы жағдайдан хабардар. Сондықтан да қатты сынап отыр. Және үкімет мүшелеріне соңғы ескерту беріп отыр». – дейді  «Арнау» даму орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Ұлан ӘБІШЕВ. 

«Ақмола облысы азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қоғамының төрайымы Ирина ТЕРЕНЬТЕВА болса презиент елдің көкейіндегі сөзді айтты дейді.

«Мына қиын уақытта өз өміріміз үшін және қоғам үшін уайымдаудамыз. Әлеуметтік-экономикалық саланы жақсарту үшін жасалып жатқан шараларға үміт басым. Бүгін біз әрқайсымыз көкейіміздегі дүниені президенттің ауызынан естідік. Ол қателіктен сабақ ау және пандемиядан шыңудың жоспары», - деді  «Ақмола облысы азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қоғамының төрайымы Ирина ТЕРЕНЬТЕВА.

Фото: spectr.com.kz

 

Байланысты жаналықтар

Тәуелсіздік мейрамы: Құрмет пен марапат жауған күн

16.12.2020

720 млн бөлінген спорт кешені бітпей жатыр

27.10.2020

"Қызыл аймақтағы" Алматы: "70 науқасқа 1 дәрігер. Барлығы шаршаған"

13.04.2021

Даңқты Марадона дүниеден өтті

25.11.2020

Бас прокуратура биліктің халыққа оқ атқанын мойындады

17.02.2020

Біздер, біздер ВИЧ жұқтырып алғанбыз...

16.02.2021