Коронавирус жұқтырғандар 58 мыңнан асты

Malim Админ

  • 12.07.2020

11 шілде күні Қазақстанда 1798 адамнан коронавирус инфекциясы  анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Кейінгі аптада Атырау облысында COVID-19 ауруына шалдыққандар күн сайын 200-300 адамға артып, облыс вирус анықталғандар саны жөнінен бірінші орынға шықты. Теңіз және Қашаған секілді ірі мұнай кен орындары облыста ресми дерек бойынша барлығы 7662 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 58253 адамға жетті. Оның ішінде 33 814 адам жазылып шыққан.

Өңірлер бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысында - 7662 (+269 адам жаңадан қосылды),
Алматы қаласында - 7360 (+242),
Нұр-Сұлтан қаласында -6565 (+88),
Қарағанды облысында - 6068 (+158),
Шымкент қаласында - 3986 (+137),
Батыс Қазақстан облысында - 3891 (+97),
Алматы облысында - 3096 (+48),
Шығыс Қазақстан облысында - 2912 (+211),
Түркістан облысында - 2220 (+56),
Жамбыл облысында - 2118 (+79),
Ақтөбе облысында - 2115 (+40),
Маңғыстау облысында - 1942 (+72),
Қызылорда облысында -1730 (+91),
Павлодар облысында - 1726 (+51),
Ақмола облысында - 1653 (+38),
Солтүстік Қазақстан облысында - 1653 (+65),
Қостанай облысында - 1556 (+56).

 

Қазақстанда соңғы айда COVID-19 індеті өршіп, ПТР нәтижесі теріс пневмония жағдайлары күрт артқан.

Денсаулық сақтау министрлігі министрлігі жақында пневмонияны ресми түрде “ықтимал коронавирустық инфекция” деп жіктеуге көшті. Алайда COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен пневмония жағдайлары коронавирус статистикасына әлі де кірмей отыр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1-8 шілде аралығында елде 56 809 пневмония жағдайы тіркелгенін, оның 39 702 жағдайында коронавирус белгілері байқалғанын бірақ ПТР нәтижесі теріс шыққанын айтты. Ресми дерек бойынша, тек маусымның өзінде пневмониядан 628 адам көз жұмған.  Цойдың сөзінше, расталған COVID-19 өлімі тізімінде 313 адам бар.

Байланысты жаналықтар

Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

21.04.2020

"Абай – рухани реформатор"

10.08.2020

Қоғамдық кеңес жемқорлықпен күреске қарқын бермек

05.02.2020

Ерлан Серікжанов италиялық балуаннан жеңіліп қалды.

25.07.2021

Әкім Әбілқайыр Сқақов оқшаулана ма?

16.06.2020

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды

25.05.2021
MalimBlocks
Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

"Абай – рухани реформатор"

Қоғамдық кеңес жемқорлықпен күреске қарқын бермек

Ерлан Серікжанов италиялық балуаннан жеңіліп қалды.

Әкім Әбілқайыр Сқақов оқшаулана ма?

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды