Қостанайдағы карантин: Ресторан ашық, сауна істейді, той өтіп жатыр

Malim Админ

  • 27.07.2020

Қостанайлық полиция жұмыс күндері орташа есеппен 30 санитарлық талап бұзылған оқиғаны тіркейді. Көбіне адамдар медициналық маскасыз  жүреді. Бұндай ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаменті таратты.

Қостанайлықтар арасында сақтық шараларын сақтамайтындар әлі де бар. Соңғы 16 күннің ішінде 517 заң бұзушылық анықталыпты. Оның 171 маска режимін бұзғандар, 106 адам қоғаныс қолғаптарын кимесе, 107 адам гүлзарлар мен бақта санитарлық режимді бұзған екен.

Карантин жарияланғаннан бері орта және шағын бизнес өкілдері 138 заң бұзушылыққа барған. Дәлірек айтсақ, Қостанайда – 67, Рудный қаласында – 20, Лисаковс – 16, Қостанай ауданында – 5, Арқалық пен Қарасу ауданында – 4, Жетіқара және Жангелді аудандарында-3, Федоров – 2, Алтынсарин, Әулиекөл, Қамысты, Сарыкөл аудандарында-1 заң бұзушылық тіркеліпті.

Сондай-ақ, арнайы рейд өткізген полиция 23 шілде күні Қостанай қаласында жұмыс жасап жатқан саунаны анықтаған. Хәкімжанова 29 мекен-жайында орналасқан «Моджо» саунасы әдеттегідей келушілерге есігін айқара ашып қойған екен. Сауна иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Карантин кезінде той жасағандар да жазаланған. Қостанай қаласында Дулатов көшесі 173 а мекен жайында орналасқан коттеджде тойшыл қауым бас қосқан. Бұдан өзге бет ашар тойы мен заңсыз жұмыс істеген «Тобыл» мейрамханасының заңсыз жұмысы  да белгілі болған екен.

Реми мәлімет бойынша өңірде коронавирус індетіне 2354 адам шалдықса, 1200 жазылып шығыпты. Ал 3 адам осы вирустан көз жұмған. Әзірге пневмониядан қайтыс болғандардың саны жарияланған жоқ.

Көрнекі фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Қайырымды қалада қайырымды істер үзілмейді

31.03.2021

Алматы облысында әкім орынбасары ұсталды

11.06.2020

Қызылордада бастықтар полицейлерге ұйқы бермейді екен

17.05.2020

СЭС басқармасы өмірде жоқ күзет қызметіне миллиондар жұмсаған

23.04.2021

А.Мамин: «Негізгі міндет­- азаматтарды жұмыспен қамту»

18.08.2020

Лондоннан жеткізілген алматылықтар Нұр-Сұлтанда тұрып қалды

23.03.2020
MalimBlocks
Қайырымды қалада қайырымды істер үзілмейді

Алматы облысында әкім орынбасары ұсталды

Қызылордада бастықтар полицейлерге ұйқы бермейді екен

СЭС басқармасы өмірде жоқ күзет қызметіне миллиондар жұмсаған

А.Мамин: «Негізгі міндет­- азаматтарды жұмыспен қамту»

Лондоннан жеткізілген алматылықтар Нұр-Сұлтанда тұрып қалды