Сәтбаевта "бала зорлады" деген күдікті екі айға қамалды

  • 27.07.2020
  • Malim Админ

"Азаттықтың" хабарлауынша, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында бала ұрлап, зорлады деген күдікке ілінген 62 жастағы ер адам сотқа дейін екі айға қамауға алынды. "Азаттық" тілшісінің хабарлауынша, Сәтбаев қалалық сотында 26 шілде күні сот өтіп, тергеу уақытында 2 айға қамау туралы шешім шығарған. Полиция әзірге бұған қатысты түсініктеме бермеді.

24 шілдеге қараған түні Сәтбаевта бес жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар тарады. Қыздың қай пәтерде екені анықталған кезде тұрғындар күдіктінің пәтері маңында жиналып, күдіктіні өздеріне беруді талап етті.

Оқиғаның арты халық толқуы мен жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Полиция мен жергілікті билік жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адамның ұсталып, қандай шығын келгені жайлы ақпарат бермеді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Сәтбаевтың жүздеген тұрғыны көшеде жиналған сәті көрінеді. Сондай-ақ полиция көліктерінің өртенгені көрінеді.

 

Байланысты жаналықтар

Коронавирустан қайтыс болған кісіні бес-ақ адам жерлей алады

31.03.2020

Кәсіпкерлер өтініші ескеріліпті

17.04.2020

Коронавирус Шымкентке жетті

24.03.2020

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Коронавирус: Үйде жатып емделудің жолы қандай?

28.06.2020

Басты міндет – экономика өсімін қалпына келтіру

19.05.2020