Мамай Ақордаға барады

Malim Админ

  • 28.07.2020

Қазақстан демократиялық партиясын құру бастамашы тобының жетекшісі Жанболат МАМАЙ 4 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласына бармақшы. Қоғамдық белсенді несиелік амнистия сұраған 100 мыңнан аса азаматтардың арызын Ақордаға тапсырмақ.

Жанболат Мамай 30 жылда бір рет осындай қиын-қыстау кезеңде несиелік борыш кешіріліп, халыққа жеңілдік жасалуы тиіс деп есептейді.

«Қадірлі ағайын, 4 тамыз күні сағат 11-00  Астана қаласына барып, Ақордаға 100 мыңнан астам Қазақстан азаматының несиелік амнистия бойынша арыздарын тапсырамыз. Бізге қолдау білдіресіздер деген үмітіміз мол. Алматыдан жеткенше әртүрлі құйтырқы әрекеттер жасалуы мүмкін. Әртүрлі арандатулар жасалуы мүмкін. Біз астанаға жетпесін, сол күні арызымызды тапсырмасын деп әрекеттенуі мүмкін. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан біз тәуекел етіп оытрмыз. Өйткені бұл жерде 100 мың адам арыз жазғанымен ар жағында 5,5 млн несиелік борышы бар Қазақстан халқының аманаты тұр. Сол аманатты 4 тамыз күні билікке міндетті түрде тапсырамыз. Несиелік амнистия жасауды талап етеміз. Бізге қолдау білдіріңіздер», - деді Мамай фейсбук парақшасында.

informburo.kz сайтының жазуынша Қазақстанда 7,4 млн адамның банктерге қарызы бар екен.Оның 80 пайызы тұтынушылық несиесі екен. Айта кетейік, 2019 жылы президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ тұрмыстың қиындыққа тап болған отбасыларға несилік кешірім жасаған болатын.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.