Түркістан: Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы емделуші жазылып шықты

Malim Админ

  • 07.08.2020

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы емделуші ауруынан толық сауығып шыққан. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды. Түркістан облысындағы көптеген дәріханалар мен ауруханалардағы ахуалмен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, ұсыныстарын тыңдады.

Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдауда.
Солардың бірі 80-ге таяған Мырзабай Оңлабек. Ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен ақсақал жағдайының жақсарғанын айтады. Дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

Аудандық аурухана 9 өкпені жасанды желдету аппараты және 70-тен астам төсек-орын оттегімен қамту жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен. «Қоғамдық бақылау» өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігінің және зертхана жағдайларымен танысып шықты.

Республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері бұдан соң Түркістан қалалық орталық ауруханасын аралады. Осыған дейін Орал, Талдықорған, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында болған. Басты мақсат — медициналық ұйымдардың ахуалы мен дәріханалардағы баға тұрақтылығын қадағалау және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қолдау көрсету.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды