Беларусь ОМОН-дары әйелдерді сүйреген жоқ

  • 10.08.2020
  • Malim Админ

Тамыздың тоғызынан онына ауған түні Беларусь халқы ұйықтаған жоқ. Президенттік сайлаудан кейін халық жаппай наразылық митингісіне шықты.

Мемлекеттік экзит-полл ұзақ жылдан бері билікте отырған  Александр ЛУКАШЕНКО 79,9 пайыз дауыс алғанын хабарлағаннан кейін  мыңдаған адам көшеге шыққан еді. Ел астанасы Минсктен басқа Могилев, Гродно, Лида, Барановичи, Жодино қалаларында да митинг басталды.

Ресми мәлімет бойынша Беларусь Республикасының 80 пайыздан аса халқы дауыс берген. Митинг кезінде Минсктің көшелері жабылып, метро жұмысы тоқтады. Және байланыс өшірілді. Күштік құрылымдар көзді ашытатын газ бен резеңке сойыл қолданды. «Говорите громче» халықаралық қозғалысының хабарлауынша бір адам полициямен қақтығыс кезінде көз жұмыпты.

Сарапшылар егер Александр ЛУКАШЕНКО басым дауыспен сайлауда жеңіске жетсе полиция күшіне жүгінгенін қалай түсінуге болады дейді.

Қазір әлеуметтік желілерде ұйқысыз өткен Минск көшелеріндегі митингтердің видеолары жарияланып жатыр. Біздің көзімізге түскен видеода ОМОН әйел адамдарға тиіспейді.

Ресми мәлімет бойынша оппозиция лидері Светлана ТИХАНОВСКАЯ бар-жоғы 7-8 пайыз ғана дауыс иеленген. Лукашенконың оппоненті Светлана Тихановская саяси аренада бұрын-сонды көрінбеген саясаткер. Күйеуі Сергей ТИХАНОВСКИЙ президенттік сайлауға ықыласты екенін айтқан соң қамауға алынған еді. Содан кейін Тихановская кандидат болып тіркелген еді.

Беларусь Республикасының орталық сайлау комиссиясы хабарлауынша Александр Лукашенко 80,2 пайыз дауысқа ие болса, Светлана Тихановская 9,9 пайыз дауыс жинапты.

Фото: sanktpeterburg.bezformata.com

Байланысты жаналықтар

Байқоңыр – Ресей-Қазақстан байланысын нығайтады

02.06.2020

Медицинаның түйіткілді мәселелерін көтерді

29.12.2020

«Мамайдың кешірім сұрағаны дұрыс!»

01.06.2021

Қызылордадағы митингіде он шақты адам ұсталды

08.06.2020

Қазақстанда коронавирусқа қатысты қандай заң бұзушылықтар болды?

23.03.2020

Армяндар неге наразы?

10.11.2020