«Ханның қызысың ба?» деген белсенді «ханның» қызымен кездесті

Алмас НҮСІП

  • 22.08.2020

Қызылорда облысының басшысы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Кездесуде азаматтар өңір басшысына толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңір басшысы Шиелі ауданының тұрғыны Тамара АҚМАҒАМБЕТОВАНЫ, Жалағаш айданына келген көпбалалы ана Эльмира ЖАЗАҚОВАНЫ қабылдады. Сондай-ақ, Гүлшара НАУШАҚЫЗЫ Жаңақорған ауданының тұрғыны, көпбалалы ана, «Ақжүніс» аналар қоғамының Қызылорда облысы бойынша өкілі Сандуғаш ТҰРЛЫБЕКОВАМЕН кездесті. Тұрлыбекова аудандағы көпбалалы және жалғызбасты аналардың жағдайын қозғап, әлеуметтік көмектер көрсетуге байланысты өтінішін жеткізді. Аймақ басшысы Жаңақорған ауданының әкімдігіне көтерілген мәселелерді зерделеп, шешу жолдарын қарастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бұл кездесу туралы қоғамдық белсенді facebook.com әлеуметтік желісінде жазды.

«Жеке басымның және басқа кісілердің маған айтып жүрген мәселелерінің шешілуін сұрадым. Орындауға тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді. Әкім ханыммен еркекпен еркекше сөйлестік дегендей әйел мен әйелше сөйлесіп біраз болған жайттардың басын шештік. Әкім ханым не үшін мені тыңдамай машинаға мініп кеткен себебін айтты. Мен не үшін алдынан шыққанымды ашық түрде айттым. Ханның қызы деген сөздің ауызымнан не үшін шыққанын ащы болса да жеткіздім. Өзімнің 2 жылдан бері қоғам белсендісі болғалы неше түрлі әкімшілік істерге тартылып жатқанымды айттым.Алдағы уақытта мен өтініш еткен мәселелер шешілер деп ойлаймын. Өтінішімді жазбаша да тастадым. Егерде соттың үкімі күшін жоймаса астанаға Тоқаевқа барамын. Мен өзімнің құқымды қорғауға тиістімін. Аналарға қатысты, денсаулық сақтау басқармасына, облыстық собеске байланысты да сұрақтарымды қойып тиісті жауабымды алдым», - деп жазды қоғамдық белсенді Сандуған Тұрлыбекова.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 тамыз күні судья Рысқұлов әкімшілік жазаға тарқан болатын. Әкімшілік кодекстің 434-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тапқан. Және 38 892 мың теңге айыппұл салған. Ғалия БЕКМҰХАМБЕТОВА есімді жаңақорғандық тұрғын «Тұрлыбекова мені балағаттады» деп полицияға шағымданған болатын. Және профилактикалық әңгімелесу үшін алты ай бойы айына екі рет жергілікті полиция бөліміне келіп тұру міндеттелген. МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі бұл жайында Әкімге «ханның қызысың ба?» деген белсенді сотқа тартылды деген материал жариялаған болатын.

Бір жылда екі рет әкімшілік сотта істі болған Сандуғаш бұндай сот процесстерін өзінің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігімен байланыстырған-ды.

2020 жылдың шілде айында Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына іс-сапармен келген болатын. Сол кезде көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекова полиция «облыс әкімі келді» деп жолды жапқанын айтқан. Және әлеуметтік желіге видео жариялады. Аудандық аурухананы аралып шығып келе жатқан әкімге: «Больницаға келе жатыр деп маршрутты тоқтатып, жолды жауып тастады. Сіз әлде ханның қызысыз ба? Халықты қорлайсыздар. Келе салып әшейін кетесіздер, халықпен бірге емессіздер, – деген еді Тұрлыбекова.

Артынша облыс басшысы жауап қатқан-ды. Кінәлі қатардағы полиция болып шықты.

«Мен жолды жабуға тапсырма берген жоқпын. Аудан әкімі де жолды жабуға тапсырма берген жоқ. Ішкі істер бөлімінің басшысы да ондай тапсырма бермеген. Сол жердегі учаскелік полицияның тапсырмасы болса, cолардың іс-әрекеті болса, онда мен облыстық полиция департаментіне тапсырма бердім сол әрекеттің қаншалықты дұрыстығын білуге», – деп жазды Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА.
Сандуғаш Тұрлыбекова «Ақжүніс Аналар» еріктілер ұйымының Қызылорда облысындағы өкілі. Қазақстан демократиялық партиясын құру жөніндегі бастаманы қолдаған белсенділердің бірі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Фото: facebook.com

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов қала тұрғындары қандай мәселе көтеретінін айтты

30.06.2021

«Нұрлы жерді» жүзеге асыру үшін 21 млрд бөлінді

16.11.2020

Цой неліктен вакцина салдырмағанын түсіндірді

03.01.2021

«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

19.02.2020

Белгілі әнші-өнертанушыға шұғыл көмек керек

26.11.2020

Алматыда күніне 400 адам ауруханаға түседі

27.07.2021
MalimBlocks
Алтай Көлгінов қала тұрғындары қандай мәселе көтеретінін айтты

«Нұрлы жерді» жүзеге асыру үшін 21 млрд бөлінді

Цой неліктен вакцина салдырмағанын түсіндірді

«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

Белгілі әнші-өнертанушыға шұғыл көмек керек

Алматыда күніне 400 адам ауруханаға түседі