Айгүл Орынбек: Президент көп көкейкесті мәселелерге көңіл аударды

Malim Админ

  • 01.09.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл ОРЫНБЕК мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ көпшілік көкейінде жүрген мәселелерді айтты дейді.

«Жалпы, бүгінгі жолдау маған ұнады. Себебі өзім көтеріп жүрген мәселелерге президент көңіл аударыпты. Соның бірі адамның қауіпсіздігі. Полиция қызметкерлерінің рөлі. Мен оны үнемі айтып жүрмін. Полицияның барлық бөлімдерінде камералардың орнатылуы бұрынан көтеріліп келе жатқан мәселе. Өздеріңіз білесіздер  полиция бөлімінде адамдарды ұрып-соғу фактілері болып жатады. Содан кейін ауыл-аймақтардағы ауыз су мәселесі де қамтылған. Соттың ашықтығы, прокуратура қызметкерлерінің бақылау орган екенін президент ашық айтты. Заңгер ретінде маған жолдаудың осы тұсы ұнады. Жол мәселесі де айтылды. Бізде әкімдер орталық көшелерді қайта-қайта жасай береді. Керісінше қала сыртындағы көшелердің жөнделмегеніне 20 жылдан асты. Қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі ретінде айтқан үндеулеріміздің президент аузынан естігенімізге қуанып отырмыз. Енді президенттің жолдауда айтқандарын үкіметтен, әкімдерден талап етуіміз керек. Президент қоғамдық кеңестер рөлін арттыру керек деді. Қоғамдық бақылауды күшейту керек. Сол кезде жолдауды іске асырушы билік жұмыс жасайтын болады. Халық талапшыл болуды үйрену керек», - деді Айгүл Орынбек.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ Қазақстан халқына жолдауынының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Байланысты жаналықтар

Амандық Баталовтың кеңесшісі тағайындалды

01.10.2020

Дихандар: Екпесең айыппұл төлейсің, ексең сусыз қаласың

24.06.2020

Алматылық құтқарушылар биыл 800 рейд жүргізді

25.08.2021

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

31.07.2020

Жемқорлық халықтың ақшасын ғана жемейді

10.11.2020

Екі айда 15 мың тұрғын үй беріліпті

17.03.2021
MalimBlocks
Амандық Баталовтың кеңесшісі тағайындалды

Дихандар: Екпесең айыппұл төлейсің, ексең сусыз қаласың

Алматылық құтқарушылар биыл 800 рейд жүргізді

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

Жемқорлық халықтың ақшасын ғана жемейді

Екі айда 15 мың тұрғын үй беріліпті