Әкім "Каспий голд" нөмір жазып, ақша жинап жатыр

  • 07.09.2020
  • Malim Админ

Кеше Шамалған ауылында үй өртеніп, үш балалы отбасы баспанасыз қалған. Отағасы үшінші топтағы мүгедек екен. Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов осы жайтты фейсбук парақшасына жазып, мынандай жазба қалдырды.

«Құрметті шамалғандықтар! Кеше ауылымызда өкінішті жағдай орын алды. Бүтіндей бір отбасының шаңырағы отқа оранып, далада қалды. Бүгін таң атысымен естіп өзіп бәрін көріп қайттым. Үш балалы отбасының отағасы үшінші топтағы мүгедек екен. Әрине, апат айтып келмейді. Дегенмен, қайғыны бөліссең азаяды демекші, ауылдастарын осы зардап шеккен жанұяға жәрдемдесуге шақырамын. Бүгінгі таңда Асыловтар отбасы ауылдағы техникум жатақханасына орналастырылды. Дегенмен, құжатсыз, киім-кешексіз қалған жандарға қандай болса да, қолдау артық етпесі анық.

ИИН 811030400021 Каспий тел ном: 87473998408 Гульмира Қадырбаевна».

Қит етсе халықтан ақша жинап, Каспий Голдты жазатын әдет енді әкімдерге көшкен бе? Үй өртенсе халық ақша жинайды, елді су алса, халық ақша жинайды. Әскери қойма жарылса, халық ақша жинайды.

Мына Шамалған әкімінің қылығы, тіпті, ұят. Жағдайды өз көзімен көрсе, өз қолымен мәселені шешіп бермей ме?

Байланысты жаналықтар

Балалар дәретханасына камера орнатқан шенеунік жауап берді

01.06.2020

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИСЬ ДВЕ СПОРТИВНЫЕ ПЛОЩАДКИ

25.05.2021

Керек болса, Қазақ жерін 80 млн түрік қорғауға дайын

21.12.2020

Карантин қайта енгізілуі мүмкін

28.09.2020

Алматылық аула тазалаушылар

10.04.2021

COVID-19: Бас қалада күнде 500, Алматыда 100 науқас ауруханаға түседі

17.06.2020