Қызылорданың малшылары Қазақстанның қарулы күштерінен қорқады

Абай Нұржанұлы

  • 10.09.2020

Осыдан екі апта бұрын Қызылорда қаласынан қырық бес шақырым жерге әскери полигон пайда болды. Алты мың гектар аумақта әскерилер оқу-жаттығуларын бастап та кетті. Алайда, малшылар күндіз-түні оқтың дауысынан мазамыз кетті дейді. Ең сорақысы жаттығу полигонының жан-жағында тіпті қоршау да жоқ.

Көп жылдардан бері малшылар қоныстанған жапан даланың мүлгіген тыныштығын сарбаздардың мылтығының тарсылы бұзған екен. Айналасы ашық-шашық жаттығу алаңына МӘЛІМ КЗ тілшісі де оп-оңай кіріп барды.

«Міне атыс болып жатыр гүрс-гүрс. Азанда тұрамын. Түнде де атыс. Түнде де малдар жайыла береді ғой. Інілерімді жіберуге қорқып қалдым қазір мал іздеуге. Жаттығу кезінде атылған оқ жазатайым төрт түлік түгілі, өзімізді жазым ете ме деп үрейленеміз», - дейді Қанат ҚОНАҚБАЕВ есімді жеке шаруа қожалығының иесі.

 

«Күнде осында қарудан атып жатады. Малымыздың қайда кетіп жатқанын білмей қалдық.  Мал жайылып жүре береді. Ертең тура оқтың астында қалып қалса күніміз не болмақ?», - дейді тағы бір шаруа қожалығының иесі Бақыт НЫСАНОВ.

Малшылар қаншама бос жатқан жазық даладан жер таппағандай полигонды қожалықтардың дәл қасына орналастырғанына наразы. Айтуларынша қазір сарбаздар жаттығып жатқан жер нақ малдың жайылатын орыны екен. Оның үстіне шөбі шүйгін аумақты әскерилер қазып тастаған екен. Ал өзін командир деп таныстырған азамат бұл жерді облыс әкімдігінің рұқсатымен алынғанын айтады. Айналамыз қоршалмағанымен қауіпсіздікті басты назарға алып отырмыз деп қысқа қайырды. Офицер аты-жөнін айтпады.

Малшылар көктемде  бұл жерге тек біздің емес, көрші ауылдардың да малы жайылады дейді. Соған қарағанда полигондағы сарбаздар көк шыға бастағанда жаттығумен емес, мал айдаумен айналысатын сияқты. Ал осы жерді әскери бөлімге берген облыстық жер қатынастары басқармасы сұхбат беруден бас тартты.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады