ICIJ зерттеуінде Сатыбалды, Құлыбаев, Әблязов есімдері қатар аталды

Malim Админ

  • 21.09.2020

Қазақстанда соңғы 7 жылда 130 млрд доллардан астам қаражат жымқырылды. Бұндай ақпаратты Тергеуші журналистердің халықаралық консорциумы (ICIJ) таратып отыр. АҚШ-тағы халықаралық ұйым келтіріп отырған сома өте үлкен. Қазақстанның ұлттық қордағы ақшасынан шамамен екі есе көп. Соңғы мәлімет бойынша  қазақ халқының қорына деп сақталған ақша 27 трлн теңге. Бұл 20 жылдан бергі жиналған қор ақшасы, соңғы жеті жылда Қазақстанан ұрланған ақшадан әлдеқайда аз.

Жалпы, журналистік зерттеу күмәнді қаржылық операциялар мен қаржылық қылмыстарға арналған. Халықаралық ұйым (ICIJ) АҚШ-тың қаржы министрлігі және Франция, Швейцария, Ұлыбритания, Австрия елдерінің қаржы бақылаушы органдары берген мәліметтер негізінде жұмысын жүргізген. 400-ден аса журналист 88 мемлекетке қатысты зерттеу жүргізген екен.

Банк жүйесі арқылы мол қаражатты жымқыру ісі бойынша зерттеуде қазақстандық олигархтар мен шенеуніктердің де есімдері жарияланбақшы екен. Олар: Болат ӨТЕМҰРАТОВ, Болат НАЗАРБАЕВ, Дариға НАЗАРБАЕВА, Қайрат САТЫБАЛДЫ, Тимур ҚҰЛЫБАЕВ, Владимир КИМ. Бұлардың арасында өзін биліктің нөмірі бірінші жауымын деп есептейтін Мұхтар ӘБЛЯЗОВ та бар.

Тергеуші журналистердің халықаралық консорциумы 1997 жылы құрылған. Штаб-квартирасы Вашингтонда орналасқан. Бұл халықаралық журналистік желі коммерциялық емес Center for Pudlic lntegrity ұйымының қолдауымен ашылған. Бұл мекемеде 65 елден 165 журналист жұмыс істейді.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

17.04.2025

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

17.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.