«Болашақтың» 27 толқыны оқуға кетеді

Malim Админ

  • 21.09.2020

1993 жылы, ел егемендік алғалы көп уақыт өте қоймаған кезде құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы Қазақстан Респаубликасы президентінің арнайы қаулысы шығарылып, қазақстандық талапты жастарды шетелдерде мемлекет есебінен оқытуға мүмкіндік берген. Одан бері 30 жылға жуық уақыт ішінде «болашақтықтарға» арналған бағдарлама бірнеше рет өзгеріп, жетілдірілді. О баста «Болашақ» бойынша оқып келген кадрларға немесе түлектерге таңырқай қарайтын Қазақстан қоғамы қазір «Болашақ» стипендиаттары жайлы әңгімеге аса бір елеңдей қоймайды. Өйткені, басындағыдай емес, бұл бағдарламаның қолжетімді бола түскенін айта кету керек.

1993 жылдан бері бірнеше жаңа шарттар қосылып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бұл бағдарлама 2005 жылы кеңейтіліп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамын құруға негіз болды. Онда стипендиялар саны көбейтіліп, 3000-ға дейін жеткізуді мақсат еткен. 2008 жылдан бастап тек оқыту емес, шетелдерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктер беріле бастады. Бұл итізімге тек шетелде оқитындар ғана емес, еліміздегі университтеттердің магистратура мен PhD докторнатурасында оқитындардың шетелдердегі жетекші оқу орындарында белгілі бір уақыт аралығында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етті. 2011 жылдан бастап шетелде бакалавр бойынша оқуды алып тастады. Бұл да дұрыс қадам деуге болады, өйткені, шетелде мемлекет есебінен оқитын студенттер қазақстандық оқыту жүйесінен бейхабар қалмауға тиіс. Өйткені, олар мемлекет есебінен оқитын болғандықтан, оқуды бітірген соң Қазақстанда бірнеше жыл жұмыс істеуге міндетті.

2014 жылдан бастап «Болашақ» бойынша оқуға түсудің талаптары күшейе түсті. Мәселен, шет тілін білу көрсеткіші, IELTS еалаптары 5,0-ден 5,5-ке дейін көтерілді. Дипломдағы баға көрсеткіші де 3,0-3,3-ке дейін жоғарылады. Алдымен 100 университет, кейіннен 70 университет таңдалып алынды. Сонымен қатар, отандық мекемелерде жұмыс істеу өтіліне де өзгерістер енгізіліп, жеңілдіктер қарастырылды.

Ал, соңғы өзгерістерге сәйкес, бұрындары енгізілген квоталық жеңілдіктер алынып тасталды. Сонымен қатар, бұрын «Болашаққа» түсушілерді оқытатын тілдік курстар тек ауылдық жерлерден шыққан талапкерлерге ғана қолжетімді болды. Бұл тараптағы ең үлкен жаңалық – жас шектеулері жойылды. Сөйтіп, сөзіміздің басында айтқан, «Болашақ» қолжетпейтін арман емес, қол жетімді мүмкіндікке айналды.

Биылғы коронавирус пандемиясына байланысты көптеген елдердің шекарасының жабылып, барыс-келіс тоқтағанмен, оқуға қабылдау мен келісім-шарт жасау тоқталған жоқ. Шетелде оқысам дейтін студенттер шетелдік жетекші университеттерден шартсыз шақырту алып, оқуға тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл жағынан, шақырту мен келісімге қатысты жұмыстар бұрындары да онлайн жүргізілетін, сондықтан студенттерге қиын болды дей алмаймыз. Өзге де жұмыстардың тоқтамауының арқасында биыл да жүздеген студент шетелде мемлекеттік «Болашақ» стипендиясы арқылы оқуға мүмкіндік алды. Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» стипендиясының иегерлерінің тізімін жариялап та үлгерді. Бұл туралы Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары  Мирас Дәуленов Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Дәуленовтің айтуынша, стипендия иегерлерін анықтау толықтай автоматтандырылған формада жүргізілді. Мұнда президенттік жастардың дарындылық қорына іріктеу үлгісі басшылыққа алыныпты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда конкурстық іріктеудің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам жасалды! Стипендиаттарды іріктеу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған. Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды. Біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілін сапалы етіп өзгерттік. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына біз үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аудардық», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, жоғарыда келтірілген дағдыларсыз шетелдік университеттерде оқу қиынға соғады. Әрине, Қазақстандық оқыту жүйесі мен шетелдік оқыту жүйесін салыстыруға келмейтін тұстар аз емес. Сол себепті, халықаралық озық стандарттарға ауыспауға болмайды. Студенттердің де соған дайын болуын қамтамасыз еткен жөн.

Сонымен қатар, оқу үдерісін автоматтандыру, қағазбастылықты жою, бюрократиялық кедергілерді жою бойынша да бірқатар жаңалықтар бар екен. Соның бірі – шетелде оқып жатқан студенттердің есеп беру үлгісіндегі өзгерістер. Мұны өзгеріс дегеннен гөрі жеңілдік, білім алуға көбірек мән беруіне жасалған мүмкіндік деуге болады.

«Тағы бір басты жаңалық – барлық стипендиаттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді», - дейді Дәуленов.

Расында, шетелде оқу бар да, жеткілікті білім алу бар. Негізінен, студенттердің өзіндік ізденісін негізге алатын озық оқыту стандарттары оқушылардың еркіндігі мен уақыты болуын басты назарда ұстайды. Сол себепті, қымбат уақытын қағаз толтырып, есеп беруге жұмсағаннан гөрі, кітапханаларда отырып, үздік тәжірибелермен танысумен өткізгені тиімді.

Сонымен, биыл шетелде «Болашақ» стипендиясы бойынша оқитын студенттердің тізімі шықты.

«Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен шәкіртақы 106 талапкерге тағайындалды. Жақын күндері олар білім алуда бастайды", – деп жазды Дәуленов.

Байланысты жаналықтар

"Болашақ" түлегі: Әр адам шетелде оқып көруі керек

31.05.2020

"Болашақ" бағдарламасының ережесі өзгерді

13.05.2020
MalimBlocks
"Болашақ" түлегі: Әр адам шетелде оқып көруі керек

"Болашақ" бағдарламасының ережесі өзгерді