"Болашақ" бағдарламасының ережесі өзгерді

Malim Админ

  • 13.05.2020

Үкіметтің 6 мамырдағы қаулысымен "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері бекітілді. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның хабарлауынша,  үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелері бәріне бірдей мүмкіндіктер ұсынады.

Ең алдымен бұрын "Болашақ" бағдарламасына үміткерлер әртүрлі квоталық санаттар бойынша құжат тапсыратын. Яғни БАҚ қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің әрқайсысы бөлек квоталық категорияға жатқызылып келген. Жаңа ережеге сәйкес, квоталық категориялар алынып тасталды. Алайда ауылды елдімекендерден келетін үміткерлер үшін квота сақталып қала бермек. Ал басқа үміткерлер "Халықаралық бағдарламалар орталығы" ұсынған шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енген университеттерден шартсыз шақыртуға ие болуы тиіс. Яғни "Болашаққа" құжатты оқуға шартсыз түсіп қойған үміткерлер тапсыра алады.  Әлбетте, бұл талап ауылды жерден келген үміткерлерге қойылмайды.

Ал іріктеудегі конкурстық кезеңдер саны 6-дан 3-ке дейін қысқарды.

Іріктеудің алғашқы кезеңі интеллектуалды қабілет деңгейін, жеке және іскерлік қабілет пен шетелде оқуға писхологиялық дайындығын анықтайтын кешенді тест түрінде өтеді.

Екінші кезеңде тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелерімен сұхбат өтеді.

Үшінші кезеңде шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтіп, шәкіртақы иегерлерінің тізімі анықталады.

Бұған дейін қазақ тілі мен шет тілін білу деңгейін анықтау іріктеудің конкурстық кезеңіне жатқызылып келген. Жаңа ережеге сәйкес, осы кезеңдер қысқартылып, үміткерлер қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тестерді өз беттерінше тапсыруы тиіс. Яғни үміткер құжат өткізген кезде мемлекеттік тілді білу туралы сертификатты қоса өткізуі керек. Ал ауылды жерден келген үміткерлер шет тілін білу туралы IELTS, немесе TOEFL сертификаттарын ұсынады.

Ал қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын сынақты қайда тапсырамын деушілер ұлттық тестілеу роталығының аймақтық филиалдарына хабарласуы тиіс. Қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тестті ұлттық тестілеу орталығының филиалдары өткізеді.

Астын сызып айтатын нәрсе, жаңа ережеге сәйкес, үміткерлер енді тілдік курстардан өтпейді. Дегенмен ауылды жерден келген үміткерлер квоталық категорияға жататындықтан, оларға тілдік курстар сақталып қалды. Бұл дегеніміз, ауылды жердің үміткерлері шет тілін 6 ай бойы Қазақстан аумағында оқи алады деген сөз.

"Халықаралық бағдарламалар орталығының" хабарлауынша, басымдық берілген мамандықатар тізбесі  еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы жасалады.

Сонымен қатар үміткерлермен сұхбаттасу өткізетін тәуелсіз сарапшылар комиссиясының жұмысы барынша ашық болмақ. Қазіргі кезде тәуелсіз сарапшылар комиссиясының құрамы мен жұмыс регламентіне өзгерістер енгізілуде.

"Болашақ" стипендиясына құжаттар қашан қабылданатыны он күнтізбелік күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариянатын болады.

Фото: liter.kz

Байланысты жаналықтар

«Болашақтың» 27 толқыны оқуға кетеді

21.09.2020

"Болашақ" түлегі: Әр адам шетелде оқып көруі керек

31.05.2020
MalimBlocks
«Болашақтың» 27 толқыны оқуға кетеді

"Болашақ" түлегі: Әр адам шетелде оқып көруі керек