Instagram жасөспірімдерге арналған жеке аккаунт енгізеді

Жаңа аккаунттар Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Аустралия мемлекеттерінде енгізіле бастады

Мадина Қайнарова

  • 18.09.2024

Instagram жасөспірімдерге арналған ережелерді өзгертіп жатыр. Балалардың қауіпсіздігі үшін компания олардың посттарының көріліміне жаңа шектеулер енгізді, ал оны тек ата-ана ғана алып тастай алады.

Жасөспірімдерге арналған жаңа аккаунттар Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Аустралия мемлекеттерінде енгізіле бастады. Еуросоюз елдерінде биыл енгізіледі. Ал келер жылы қаңтар айынан бастап басқа мемлекеттерде де пайда болады.

Жаңа ережелерге сәйкес, жасөспірімдердің жаңа аккаунттарын 16 жасқа дейінгі қолданушылар автоматты түрде алады және 18 жасқа дейінгі барлық жаңа қолданушыларға беріледі. Жас 16-ға толмаған жасөспірімдер енгізілген шектеулерді ата-анасының рұқсатынсыз алып тастай алмайды.

Ал 13 жасқа дейінгі балалардың аккаунаттарын Instagram мүлде тіркемейді.

Сонымен, жасөспірімдер үшін не өзгермек?

Жасы 18-ге толмаған барлық қолданушылар  ересектерге арналған контентті көре алмайды. Оларға автоматты түрде шектеу қойылады.

Сондай-ақ жасөспірімдердің аккаунттары жабық болады. Яғни қолданушылар барлық жазылу үшін өтінімдерді мақұлдауға тиіс, олардың посттарын тек жазылған адамдар ғана көре алады.

Түнгі уақытта жаңа посттар туралы push-хабарламалар тоқтатылады.  Жасөспірімдер әлеуметтік желіде бір сағаттан артық отырса, үзіліс алу туралы ұсыныс жіберіледі.

Одан бөлек Инстаграм сөзбен қорлауға қарсы бағытталған фильтрлар қосуға уәде етіп отыр: алгоритм жазылған сөздер біреудің ар-намысына тиеді деп тапса, онда олар пікірлер мен жазбаша хабарламалардан автоматты түрде алынып тасталады.

Жасы 16-18 арасындағы жасөспірімдер бұл шектеулерді өздері алып тастай алады, ал басқалары үшін ата-анасының рұқсаты қажет.

Баласының аккаунтын бақылау құқығын алған ата-ана оның кіммен хат алмасып отырғанын көре алғанымен, хабарламалардың өзін оқи алмайды.

Айтпақшы, алдағы жылдың қаңтар айынан бастап инстаграмның америкалық сегментінде жасанды интеллект базасында арнайы құралдар іске қосылмақ, олар өзін ересек ретінде тіркемек болған жасөспірімдерді сәйкестендіріп, анықтайды.

Фото: vzglyad.uz

Байланысты жаналықтар

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Меруерт Түсіпбаева жаңа бейнесімен көпшілікті таңғалдырды

23.04.2025

Анасының аяғын уқалаған Ердос Қанаев көпшілікті сүйсіндірді

23.04.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасы желі қолданушыларын тәнті етті

21.04.2025

Блогер DARICORN-ның басы дауға қалды: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

18.04.2025
MalimBlocks
«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Меруерт Түсіпбаева жаңа бейнесімен көпшілікті таңғалдырды

Өнер иесі жаңа бейнебаян түсіргенін айтты

Анасының аяғын уқалаған Ердос Қанаев көпшілікті сүйсіндірді

Өнер иесі анасына арнап жазба қалдырған.

Димаш Құдайбергеннің қарындасы желі қолданушыларын тәнті етті

Раушанның образына тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды

Блогер DARICORN-ның басы дауға қалды: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде баласының құқықтары бұзылғанын мәлімдеген ананың видеоүндеуі тарады