freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

50 шляпасы бар қыз шалбардан неге бас тартқан

Қоғам •
50 шляпасы бар қыз шалбардан неге бас тартқан
Фото: видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Рагна Шоқан ерекше киіну мәнері қалай қалыптасқанын және неліктен джинсы мен шалбар кимейтінін түсіндірді. Оның гардеробында төрт маусымға арналған 50-ге жуық шляпа бар, деп Malim.kz тілшісі "Qazaqstan" телеарнасының "Қазір айтамыз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рагнаның айтуынша, киімге деген талғамы қалаға келіп, оқуға түскеннен кейін қалыптаса бастаған. Айналасындағы адамдардың киінуіне қарап, өзіне ұнайтын үлгілерді таңдаған. Кейін сату бөлімінде жұмыс істеп, шляпа саудасымен айналысуы да стиліне әсер еткен.

"Былай киіну қалаға келіп, оқуға түскеннен кейін, анаған қарап, мынаған қарап қалыптасып кетті. Сату бөлімінде жұмыс жасағаннан кейін шляпалар әкеліп саттық. 2014 жылы шляпаны аса ешкім тақпайтын, білмейтін еді. Қытай мен кореялық қыздарға қарап, өзіміз стиль құрадық. Содан бастап қалыптасты", — деді ол.

Осылайша, шляпа оның күнделікті киімінің ажырамас бөлігіне айналған. Рагнаның сөзінше, айналасындағы адамдар да бұл образдың өзіне жарасатынын айтып, қолдау білдірген.

"Сосын барлығы маған “саған жарасады, осылай жүр” дей бастады. Менің шляпаларым көп, маусым-маусымымен бөлінеді", — деп түсіндірді Рагна.

Бағдарлама жүргізушісі оның шалбар кимейтінін де атап өтті. Рагна қазір мұндай киімдерді өзіне жат көретінін, көбіне белдемше мен көйлек таңдайтынын айтты.

"Маған джинсы мен шалбар кию қазір жат болып көрінеді. Юбка мен көйлекпен әдемі болып жүруге тырысамын", –деді ол.

Оның айтуынша, белдемше мен классикалық киімді шляпамен үйлестіріп киюге біртіндеп келген. Белдемшенің ұзын не қысқа болуы таңдауына кедергі емес. Рагна ауа райына қарамастан, өзі ұнататын киіну мәнерін сақтайтынын жеткізді.

Телеарна жариялаған мәліметке сәйкес, Рагна Шоқан 2014 жылдан бері шляпасыз жүрмейді. Бүгінде оның топтамасында жылдың төрт мезгіліне лайықталған 50-ге жуық шляпа бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу