Перуашев: Президент тапсырмасы көңілден шықты

Malim Админ

  • 22.09.2020

«Ақ жол» партиясының төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Азат Перуашев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг берді. Оның сөзінше «президент мәселені қатаң қойып, салалы құрылымдарды тереңірек зерттеуге» тапсырған. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық жауапкершілікті өзіне алып, ерікті шешімдер қабылдайды екен.

«Әлеуметтік саладағы шешімдер нақтылығымен ерекшеленеді: келесі жылы жинақтарын тұрғын үй мен емделуге жұмсай алатын БЖЗҚ салымшыларының саны аталды; тұрғын үй бағдарламаларын жақсарту, педагогтар мен дәрігерлердің жалақысын арттыру, ғылыми гранттар бөлу, инфекциялық ауруханалар мен ФАП салу параметрлері көрсетілді» деген депутат Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің құрылуын сөзсіз  реформа деп бағалапты.

«Адал бәсекелестікті қамтамасыз ету бұл нарықтық экономиканың базалық қағидаттарына қатысты мәселе. 2019 жылғы 4 желтоқсанда «Ақ жол» фракциясының сұрауы осы саладағы апатты жағдайға арналды. Біз тіпті қалыптасқан жүйені енді нарықтық емес, мемлекеттік-монополистік деп атадық және үкіметтен бәсекелестік принциптерді қорғауды сұрадық. Үкімет «бәрі бақылауда» стилінде жауап берді.

Бірақ Президент депутаттарға жақын болды. Үкіметтен тәуелсіз агенттікті құру нарықты қайтару жолындағы қадам», - деп әріптестерінің пікірін жеткізді Перуашев.

Ол сондай-ақ 13 тамызда «Ақ жол» партиясы Үкіметке кредиттік каникул енгізу және төмендетілген мөлшерлемелер бойынша барлық бұрынғы кредиттерді қайта қаржыландыру талабымен кезекті өтініш жіберуге мәжбүр болғанын еске салды. Сондықтан мемлекет басшысының «экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6% - ға дейін мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз ету» шешімін партиялықтар бизнеске баға жетпес көмек деп санайды

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады