Nur Otan-ның праймеризіне қанша адам қатысып жатыр?

Malim Админ

  • 23.09.2020

Nur Otan партиясының праймеризіне үміткерлер саны 11 мыңға жетіпті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Науқан басталғалы көптеген сарапшылар мен жалпы халықтың тарапынан сынға да ұшыраған бұл науқанға қатысып, дауыс беру үшін «праймериз» ақпараттық жүйесіне 700 мың адам тіркеліпті.

Партияның баспасөз қызметі бұл туралы бейнеролик түсіріпті:

«Халықпен кеңінен талқылау мақсатында "Nur Otan" партиясы әрбір өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобаларын жариялады. Оларды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді, сондай-ақ, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды. Бірнеше күннің ішінде праймеризге қатысушылар 8 мыңнан аса талап-тілектер мен ұсыныс жинады", - делінген.

Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас, оның 37 пайызы – әйелдер. 11 мыңға жуық кандидаттың ішіндегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлес салмағы – 29 пайыз.

Бір орынға 4 адамнан таласып жатқан праймериз кандидаттарының рейтингі 5 қазанда жарияланбақ.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks