Әкім Әбдіқалықованың сіңілісі директор болып қалыпты

Malim Админ

  • 23.09.2020

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ туған сіңілісі Меруерт ӘБДІҚАЛЫҚОВА басшылық қызметте екен. Әпкесі 2020 жылдың көктемінде туған өңіріне облыс басшысы болып оралғанда Меруерт НАУШАНҚЫЗЫ қызметінен кеткен еді.

Меруерт Әбдіқалықова 2019 жылы Қызылорда қалалық білім бөліміне басшы болып тағайындалған. Бірақ бір жыл ғана шенеунік креслосында отырды. Әпкесі өңірге басшы болып келгенде сіңілісі мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткен-ді. Біраз уақыт экс-шенеуніктің қайда, қандай қызметке кеткені жұмбақ күйінде қалған. Әкімнің сіңілісі Сыр елінен алыстай қоймапты. Қазір Меруерт Әбдіқалықова Оқушылар сарайының директоры екен. Алайда, бұл мекеменің ресми сайтында директор Әбдіқалықова жайлы мүлдем ақпарат жоқ. Тіпті ғаламторда ол кісінің тағайындалуы туралы да мәлімет таба алмайсыз. Қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының фейсбуктегі парақшасында әкім сіңілісінің қайда қызмет етіп жүргенін білдік.

«Құрметті ұстаздар, ата-аналар, сүйікті шәкірттер! Баршаңызды күздің алғашқы күнімен бірге келіп жеткен білім күні мерекесімен құттықтаймын!  Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндеріміздің білім әлеміне басқан қадамдары сәтті болсын. Баланы болашағымыз деп танитын халқымыз үшін бұл күннің орны ерекше, бұл- болашағымызға шуақ шашып, білім шырағын тұтатар айтулы күн.

Сапалы білім мен тәлімді тәрбие алу қашанда барлық игі істің бастауы болғандықтан биылғы оқу жылында да шәкірттерімізді ел игілігіне жұмсайтын терең білім алып, ата-ананың, ұстаздардың мақтанышы болуға шақырамын.

Жаңа оқу жылында әдеттегідей ұстаздарымыздың алдында да ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік күтіп тұр, сындарлы кезеңдерден сүрінбей өтіп, оқу жылын толағай табыстармен аяқтауды тілеймін. Дені сау, білімді ұрпақ мемлекетіміздің басты байлығы, жарқын болашағы екенін әркез есте ұстап ата-ана мен бала және ұстаз үштігінің бірлігімен биік белестерді бағындыра берейік», - деп тілек білдірген білім күні Қызылорда қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры М. Әбдіқалықова.

Жалпы, Қызылорда облысы басшысы Гүлшара НАУШАНҚЫЗЫНЫҢ жеке өмірі, туған-туыстары жайлы көп айтылмайды. Мәселен, осы Қызылордадан шыққан Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Бердібек САПАРБАЕВ сынды шенділердің туған-туыстарының дәулеті, балаларының сәтті карьералары туралы мәліметтер ешкімге жасырын емес.

Меруерт Әбдіқалықова 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Туған қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін аяқтаған. Еңбек жолын №23 мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014 жылы №3 мектеп-лицейінің директоры болды. Білім саласына сіңірген еңбегі үшін көптеген алғыстармен, наградалармен марапатталған.2008 жылы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атанған. Қазақ тілі мамандарына арналған «Тілдер нормасы» әдістемелік нұсқаулығының авторы.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген «2013 жылдың Үздік педагогы» атағының иегері.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Әкім Әбдіқалықова бастамасы және онлайн парадтар

01.05.2020

Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

30.04.2021

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020

«Хан қызы» берген «скорыйлар» қар астында тұр

03.12.2020

Киік қырғандар құрықталды

21.04.2020

Әкім Әбдіқалықова Олжас Сүлейменовті мақтады

29.08.2020
MalimBlocks
Әкім Әбдіқалықова бастамасы және онлайн парадтар

Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

«Хан қызы» берген «скорыйлар» қар астында тұр

Киік қырғандар құрықталды

Әкім Әбдіқалықова Олжас Сүлейменовті мақтады