Мұғалімдер күні үздік ұстаздар марапатталады

  • 24.09.2020
  • Malim Админ

Мұғалімдер күні ұстаздарға ерекше құрмет көрсетер күн ғана  емес, ұстаздардың жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдағы, өмірдегі, ел болашағындағы алар орнын белгілеп, бекемдей  түсу жағынан да маңызды. Соңғы жылдардағы «Педагог мәртебесі» жайлы мәселе көтеріліп, жиі сөз болып жүрген кезеңде бұл мерекенің де мәні мен мазмұны, құрметі арта түсетіні анық.

Әрине, мерекенің бір мәні – жылды қорытындылау, кемшіліктерден бұрын детістіктерді саралау, аты озған ұстаздарды қолпаштап, үздік шыққандарын марапаттау болса керек. Биылғы мереке қарсаңында үздік мұғалімдер марапатталды. Бұл марапат жай ғана мақтау немесе мадақтау қағазы емес, кез келген мұғалім кеудесіне мақтанышпен тағып жүретін өмірлік ескерткіш, сондай-ақ, материалдық жағдай. Өйткені, үздік мұғалім атағын алғандардың өзінің ғана емес, мектебінің де рейтингі көтеріледі. Мұндай атақты алған мұғалімнің жалақысы өседі. Бұл, өз кезегінде, оның өзін ғана емес, айналасын, әріптестерін, ұжымын да ынталандыра түсетін атақ.

Биылғы мұғалімдер күні несімен ерекшеленеді? Әдетте, мұғалімдерді марапаттайтын негізгі екі мереке бар: біріншісі – тамыз кеңесі болса, екіншісі – осы Мұғалімдер күні. Биылғы тамыз кезеңі коронавирус пандемиясы салдарынан онлайн түрде өткендіктен, көптеген мерекелік шаралардың кейінге қалдырғаны белгілі.

«Үздік педагог» атағын беру мәселесі бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастап, Мұғалімдер күні аталмыш атақты табыс етуді жоспарлап отыр. Биыл бұл атақты алу үшін конкурсқа қатысуға 144 педагогтан өтініш келіп түскен. Оның ішінде мектепке дейін және орта білім бойынша қатысып жатқандар ұстаздар саны – 109-ды құрайды. Ал қалған 35-і техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша мамандарға тиесілі. Енді олар барлығы 3 кезең бойынша іріктеліп, соңғы кезеңде сарапшылардың бір ауызды пікірі бойынша өзара жеңіспаздарды анықтайтын болады.

Жеңімпаздарды анықтау бойынша әр сала мамандары тартылып жатыр. Әрине, оның барлығының білім мен ғылым саласына, мектептегі немесе мектепке дейінгі, кәсіптік және техникалық колледждердегі білім беру ісінен хабары бар мамандар болуы маңызды. Қандай сарапшылардың қазылық ететіні жайлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында былай деп жазды:

«Үздік педагог» атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, «Kazakhstan Parents Union» қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының «Әлем мұғалімі – Қазақстанда» жобасының үйлестірушісі, «ADAL BILIM» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. «Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады», – дейді вице-министр.

Мектепке дейінгі дәне орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінде сабақ беретін 432 педагог осы атақты иеленіп, олардың әрқайсысына әр жылғы айлық есептік көрсеткіш бойынша 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілгенін айта кеткен жөн. Демек, биылғы, яғни 2020 жылдың «Үздік педагогтері» 2 651 000 (екі миллион алты жүз елу бір мың)  теңгеге жуық сыйақы алатын болады.

Айта кету керек, биылғы жылдың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №204 Қаулысымен «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары және оның мөлшері бекітілген. Онда:

«Конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде иеленуші сыйақы алу үшін уәкілетті органға құжаттарын ұсынады. Құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде иеленушінің ағымдағы шотына сыйақыны аудару жүргізіледі», делінген.

Мұғалімдер күні 5 қазан күні аталып өтетінін айта кеткен жөн.

Байланысты жаналықтар

Әкімдік карантин кезінде тендер ойнатқан

26.11.2020

Тынымбай Нұрмағанбетов мемлекеттік сыйлықтың иегері

08.12.2020

Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алуға арналған жоба басталды

29.09.2020

Амандық Баталов: Маған демагог керек емес

19.02.2020

"Болашақ" түлегі: Магистратурадан соң бірден докторантура оқыған дұрыс

28.03.2020

Тоқаев: «Қоғам тарапынан сынға да ұшырадыңыздар»

23.06.2020