Орынбасары жемқорлықпен ұсталған Әубәкіров жаңа қызметке барды

Malim Админ

  • 30.09.2020

Орынбасары жемқорлықпен ұсталған Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Нұрлан Әубәкіров 2014 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарған.

Естеріңізде болса, Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары болған Жақсылық Шалабековке қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс қозғалған.

Шенеуніктің ұсталғаны туралы хабарды агенттіктің баспасөз қызметі растап, тергеу жүріп жатқанын айтқан.

«Қарағанды облысының арнайы прокурорлары Қарағанды қаласы әкіміне байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу ақпараттары рұқсат етілген мөлшерде прокурордың бұйрығымен ғана, тергеуге зияны тимейтін болса, әрі басқа адамдардың заңды құқықтарын бұзбайтын болса, жарияланады»,  - деген еді Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер.

Оқи отырыңыз: Шалабеков жемқорлықпен ұсталды. Әубәкіров қайтпек?

Қарағанды қаласының әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз: Таубаевтың «екпіні» Махамбетті әкімдіктен айыра ма?

Байланысты жаналықтар

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020

"Түрлі қылмыстарға барған мұндай адам биліктен кете алмайды"

11.03.2020

Аурухана басшылығы қармағындағылардан 3,1 миллион теңге пара алған

26.06.2021

Бес мың долларлық сағаты бар Қарағанды әкімі өтірік айтты ма?

08.08.2020

Ақтөбе шенеуніктері параны қарызға алатын болған ба?

20.04.2021

Досмұхамбетов Таубаевтың отставкасын қабылдай ма?

27.10.2020
MalimBlocks