Кәсіпкерлер гратқа ие болды

Malim Админ

  • 18.09.2020

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа ие болғандарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша 57 кәсіпкер грантпен қаржыландыратын болды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

7 мен 11 қыркүйек аралығында өткен отырыстарда байқау комиссиясының мүшелері 563 жобаны қарап шыққан еді.  Олардың 57-сі ең көп балл жинап, мемлекеттік грантқа ұсынылды. Бұл бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдау. Және экономикамыздың қуаттандыру үшін жасалып жатқан жұмыстардың бірі», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Әділет ТІЛЕПОВ.

Әділет МАРАТҰЛЫНЫҢ хабарлауынша, грант иегерлерінің он төрті жас кәсіпкер болса, жиырма екі  адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар екен. Ережеге сай жеңімпаздарды бес адамнан тұратын комиссия қарайды. Оның құрамында атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және салалық сарапшылар болады.

«Экономика мемлекеттің әл-ауқатын күшейтеді және тәуелсіз ел болып қалу үшін маңызы зор. Сол үшін қандайда бір гранттардың ашық өтуі маңызды. Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша берілетін мемлекеттік гранттың берілу механизмі қуантады. Комисся басшысы жергілікті билік органаның шенеунікгі мен кәсіпкерлер палатасының өкілі бола алмайды. Сайып келгенде халық салығынан жиналған қаржыны тиімді игердің жолы қарастырылған. Оның жемісті болары анық», - деді «Ұлы дала» қоғамдық ұйымының төрағасы Ғабиден ЖӘКЕЙ.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қоғамдық кеңесшісі мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі Богдан ДЖЕПКА бұл гратқа жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектердің түсе алатыны керемет мүмкіндік дейді.

«Бұл гратқа шеттен келген қандас бауырларымызда үміткер бола алады екен. Ең бастысы жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандар да «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының грантымен бизнесін бастап кете алады. Президент қыркүйек айының басында жасаған жолдауында енді отандық өндіріске үлкен мән беру керектігін айтты. Осы бағытта жұмыс жасауға елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың да ықыласы бар. Бастысы осындай қолдаулар болса болғаны», - дейді Джепка мырза.

Айта кетейік, бұл мемлекеттік грат көлемі екі миллион теңгегден бес миллионға дейін. ,«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бастап жұмыс істейді.

Елордалық Жансұлу ЫБЫРАЕВА былтыр грат ұтып алған кәсіпкерлердің бірі. Ол диеталық дисерттерді пісіретін кондитерлік цех ашу жөнінде өз бизнес-идеясын ұсынған еді. Қазір өз шаруасын оңтайладырып келеді. Биылғы жеңімпаздарға бизнесте сәттіілк жолдас болсын дейді.

«Үйде отырып диеталық тағамдарды даярлап сатқан едім. Алғашқы қадам бизнеске деген солай жасалды. Бірақ бұл шаруама қосымша жұмыс ретінде қарадым. Себебі оған қаржат керек болатын. Әр істі бастарда ақшаның қажет екені белгілі ғой. Қазір тіліміз тасқа осы жобадан жақсы старт алып, жұмысымызды істеп жатырмыз», - дейді Жансұлу Ыбыраева.

С. Назарова.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды