Мұрагер Әлімұлы: Ендігі арманым – Қазақстан азаматтығын алу

Malim Админ

  • 19.10.2020

Ақмола облысы полиция депатаменті көші-қон қызметі басқармасының шешімімен бір жылға босқын мәртебесін алған Мұрагер Әлімұлының ендігі арманы – Қазақстан азаматтығын алу. Мұрагер Әлімұлы Мәлім сайтына берген сұхбатында "билік бізге босқын мәртебесін беру арқылы Қытайдың геноцид саясатын мойындады" дейді.

– Мұрагер, Қастер екеуіңіз Қытайда қудалауға ұшырағандықтан, қазақ елінен босқын мәртебесін алған алғашқы қандастарсыздар. Босқын  куәлігі қолыңызға тигенде қандай сезімде болдыңыз?

– Куәлікті қолға алғанда ерекше қуандық. Бұл Қазақстан азаматтығын алумен бірдей болып тұр.

Бірақ бізге босқындық тек бір жылға берілді. Одан кейін не болады? Босқын мәртебесінің қандай пайдасы бар? Әзірге соны анық біле жатырмыз. Көңіліміз әлі де күпті. Бірақ бір жыл болса да Қазақстанда жүре аламыз. Одан кейінгі әрекетті адвокатпен талқылауымыз керек.

Еліміз, жеріміз деп келгенде бізді Қытайға қайтрмай, босқын мәртебесін бергеніне разымыз, билікке ешқандай өкпеміз жоқ.

– Енді осы бір жылдың ішінде азаматтыққа тапсыруға болатын шығар? Алдағы әрекетіңіз қандай болмақ?

– Алдағы әрекетіміз жайлы адвокатпен сөйлесуіміз керек. Меніңше, азаматтыққа тапсыруға болады. Алдағы уақытта Қазақстан азаматтығын алып, жай бұқараның ішінде қазағыммен бірге жасасам деймін. Басқа ешқандай арманым жоқ.

Жалпы, еркіндікте жүргенімізге 3-4 ай ғана болды (Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлын Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты шекараны заңсыз кесіп өткені үшін бір жылға бас бостандығынан айырған. Абақтыдағы бір күн екі күнге есептеліп, Мұрагер мен Қастер 22 маусым күні бостандыққа шыққан). Бұған дейін дәрігерге де қарала алмайтынбыз, жұмыс істей алмаймыз. Босқын мәртебесі енді қолға тигендіктен, алдағы уақытта не істейміз деп ойланып жатырмыз.

– Қайда тұрып жатырыздар?

– Алматыда тұрамыз. Осында тустарымыз бар.  Қолдаушыларымызға келсек, "Нағыз Атажұрт еріктілері" көп қолдау көрсетті.

Әке-шешем, ұлым мен келіншегім Қытайда қалды. Босқын мәртебесі оларды бері қарай алдыруға септігін тигізе ме, әзірге білмеймін. Оны да адвокатпен ақылдауым керек.

Еліміз, жеріміз деп келгенде босқын мәртебесін бергеніне алғысымыз шексіз. оны бермегенле қайтер едік, кері қайтар ма едік...

– Қазақстан бұған дейін Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін бермеді. Сіздер бұл мәртебені алған алғашқы қандастар. Сіздерге босқын мәртебесін беру арқылы Қазақстан қудалау көргендеріңізді мойындағандай.

– Иә, билік Қытайдағы геноцид саясатын мойындап отыр. Мойындамаса, бізге бұл мәртебені бермес еді.

Ал Мәлім тілшісімен сөйлескен Қастер Мұсаханұлы былай дейді:

Босқын мәртебесін алғанға қатты қуандық. Қазір жолдамын. Алматыға жеткен соң алдағы әрекетіміз жайлы адвокатпен сөйлесеміз. Бастысы, ешқайда кетпей, елде қаламыз.

Байланысты жаналықтар

Қытайдан Қазақстанға қашуға мәжбүр болған қос азаматқа шабуыл жасалды

22.01.2021

Адвокат: Қастер мен Мұрагерге азаматтық берілуі тиіс

19.10.2020

ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты

22.06.2020
MalimBlocks
Қытайдан Қазақстанға қашуға мәжбүр болған қос азаматқа шабуыл жасалды

Адвокат: Қастер мен Мұрагерге азаматтық берілуі тиіс

ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты