Адвокат: Қастер мен Мұрагерге азаматтық берілуі тиіс

Malim Админ

  • 19.10.2020

Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлының адвокаты Абдула Бақберген Қазақстан Қытайдан қашып келген қандастарға босқын мәртебесін беру арқылы Шыңжаңдағы геноцидті мойындады деп есептейді. Адвокат Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы алда азаматтыққа өтініш жазып, Қазақстан төлқұжатын ала алады дейді.

– Абдолла мырза, Қастер мен Мұрагерге босқын мәртебесі бір жылға ғана берілді. Бір жылдан кейін не болмақ?

– Олар тиісті өтініш жазып, Қазақстан азаматтығын ала алады. Ең бастысы, Қазақстан оларды Қытайға қайтарған жоқ.

Бұған дейін Қастер мен Мұрагерге берілген пана іздеуші деген қағаз ештеңеге жарамайтын. Олар не дәрігерге қарала алмайтын, не жұмыс істей алмайтын. Ал енді босқын мәртебесімен жұмысқа тұра алады, емханаға тіркеле алады.

Босқын мәртебесі Қазақстан оларды өздеріне қауіп төнген жерге, яғни Қытайға бермейді деген сөз. Әрі оларды үшінші мемлекет алып кете алмайды. Егер босқын мәртебесін бермесе, Сайрагүл Сауытбайды сияқты басқа үшінші мемлекет алып кете алар еді. Бірақ босқын мәртебесін бермесе, дүние жүзі алдында масқара болып,  өз азаматтарын қорғап қала алмады деген ұятқа қалар едік.

Енді Қастер мен Мұрагер азаматтыққа арыз жазып, белгілі бір мерзімнен кейін төлқұжаттарын ала алады. Азаматтығын алған соң Қытайда қалған отбасын, бала-шағасын елге алдыра алады.

– Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесі берілмегені белгілі. Ал Қастер мен Мұрагерге ол неліктен берілді?

– Ақмола облысы полиция депатаменті көші-қон қызметі басқармасының шешімінде Мұрагер мен Қастердің қуғындалғаны, жәбір көргені жазылған. Яғни бұл геноцид екенін мойындап жазды. Ал Сайрагүл Сауытбайдың кезінде билік Қытайда қуғындау жоқ деді. Сөйтіп, Қытайдың бір провинциясы сияқты болып қалдық.

Бірақ 500 мың қазақ саяси үйрену орталықтарына қамалды. Шыңжаңдағы қудалауды дүние жүзі мемлекеттері көтерді. Қытайға санкция салды. АҚШ президенті Трамп, Түркия президенті Ердоған бұл туралы мәлімдеме жасады. Ал біз әлсіз мемлекет болып қалдық.

Меніңше, босқын мәртебесін беру арқылы Қытай қылмысын мойындады. Бұл – саяси шешім. Комиссиядағы екі адам өзара ақылдасып, шешті деп ойламаймын. Бұл жоғары басшылар деңгейінде шешілген нәрсе.

– Әңгімеңізге рахмет!

Редакциядан: Абдула Бақберген "шекараны заңсыз бұзды" деп айып тағылған Тілек Тәбәрікұлын да сотта  қорғаған.  Жаркент қаласы сотының шешімімен алты ай шартты мерзімге сотталған Тілек Тәбәрікұлының қолында ықтиярхат болғандықтан, ол Қазақстан азаматтығына құжат тапсырды.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қытайдан Қазақстанға қашуға мәжбүр болған қос азаматқа шабуыл жасалды

22.01.2021

Мұрагер Әлімұлы: Ендігі арманым – Қазақстан азаматтығын алу

19.10.2020

ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты

22.06.2020
MalimBlocks
Қытайдан Қазақстанға қашуға мәжбүр болған қос азаматқа шабуыл жасалды

Мұрагер Әлімұлы: Ендігі арманым – Қазақстан азаматтығын алу

ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты