Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сүйінші, ағайын! Kaspi Bank ел асыға күткен жаңалығын хабарлады

Қоғам
Сүйінші, ағайын! Kaspi Bank ел асыға күткен жаңалығын хабарлады
depositphotos.com

Kaspi компаниясы өз қолданушыларына Apple Pay арқылы төлем жасау мүмкіндігін ұсынатынын хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Компанияның мәліметінше, клиенттер әсіресе шетелде жүрген кезде Kaspi QR қолдану мүмкін болмаған жағдайда Apple Pay және Google Pay арқылы төлем жасауды жиі сұрайды.

«Біз қуана хабарлаймыз: бұл бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Apple Pay және Google Pay жүйелері келесі жылдың басында қолжетімді болады. Жаңалықтарды бақылап отырыңыздар», — делінген хабарламада.

Kaspi атап өткендей, жаңа Kaspi Alaqan қызметі бар төлем жүйелерін алмастырмайды, тек қосымша ыңғайлы әрі қауіпсіз балама ретінде енгізіледі.

«Қол арқылы төлем — ең қауіпсіз тәсілдердің бірі. Әр адамның алақанының құрылымы ерекше, ал жүйе оны бірегей шифрланған үлгімен салыстырып, бір сәтте таниды», — деп түсіндірді компания өкілдері.

Kaspi.kz сонымен қатар Kaspi Alaqan жүйесінің Бірыңғай QR кодын алмастыруға арналмағанын және оның Ұлттық Банкпен бірлесе іске асырылып жатқанын атап өтті.

«Біздің мақсат — клиенттерге кез келген банктің кез келген QR-коды арқылы төлем жасау мүмкіндігін беру», — деді компания.

Атауға қатысты да түсініктеме берілді:

«“Alaqan” сөзі — “алақан” дегенді білдіретін әдемі қазақша сөз. Ол технологияның мәнін дәл сипаттайды: Kaspi QR — QR-код арқылы төлем, ал Kaspi Alaqan — алақанмен төлем».

Компанияның хабарлауынша, пайдаланушылардың биометриялық деректері шифрланған түрде сақталады. Алақан суреті арнайы кодқа айналдырылып, тек төлемді растау үшін ғана қолданылады. Барлық деректер халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай қорғалған және қызметті кез келген уақытта өшіруге болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу