Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Нәпсінің қалауы". Омар Жәлел тоқал алғанына өкінетінін айтты

Қоғам
"Нәпсінің қалауы". Омар Жәлел тоқал алғанына өкінетінін айтты
әлеуметтік желі

Белгілі ғалым Омар Жәлел екінші әйел алу жайлы пікір білдірді. Ол іштегі әттегенайларын ақтарып салды, деп хабарлайды  Malim.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Тоқал жайлы әңгіме - былжырақ әңгіме. Менің айналамда тоқал алып оңған адамды көргенім жоқ. Соның бірі - менмін. Біз әдетте нәпсінің қалауын ұрпақ, отан, т.б. биік ұғымдармен көлегейлейміз. Ұрпақ керек болса, - бір әйелден де өрбітуге болады. Нәпсіңе ие болсаң, энергияңды сыртқа шашпасаң - ұрпағың көп болады»,  — деді ол.

Бұрын тоқал алу - қажеттілік болған, қазір - нәпсінің қалауы, құмарлық, қала берді - мақтан.

«Бұрын мен осы мәселені көп көтердім. Айттым. Айтқан нәрсе міндетті түрде жүзеге асады екен. Ұрпақ дедік. Негізгі ұранымыз осы болды. Бірақ берекені ойламадық. Ойлауға шамамыз да болмады. Басы қатты нәпсімізді тоқтата алмадық. Қайратымыз жетпеді. "Ертең би боласың, сонда бұл мәселе алдыңнан шығады" деп, елдіктің жолында ғашығынан бас тарттырып, Тәттімбетті тоқтатқан Қазанғаптай дана би  алдымызда болмады. Үлгісіздіктің көкесін көрсеттік. "Өзім білемін" дедім. Ешкімді тыңдамадым. Айтса, ұқпадым»,  — деді Омар Жәлел.

Бүгінде тоқалынан үш бала сүйіп үлгерген Омар Жәлел біраз адамдарға жел бергенін мойындады.

«Әлі күнге дейін біраз жігіттер "Сіздің осы әңгімеңіз ұнайды" дейді. Нәпсілеріне ұнап тұрғанымен шаруасы жоқ. Қызба бастар көргісі келеді. Артын ойлап жатқан ешкім жоқ. Оларға бұл - қызық. Шыжығын ешкім ойлап жатқан жоқ. Ал мен, "тоқал алмаңдар" деймін. Өз ащы тәжірибемнен айтып отырмын. Отбасының шырқын бұзбаңдар. Алған жарларыңды қадірлеңдер. Ұрпақ керек болса, солар- ақ туып береді. Бұл сөзді мен айтуға тиіспін. Үйткені көп жігіттер менің сөзіме ерді. Менің сөзім оларға демеу болды. Елдің алдында жүрген соң әр сөзіңе жауап беруің керек. Мен осылай өзімнің қате айтқан сөзіме жауап беріп отырмын.

Егер менің әсерімнен отбасы бұзылса, иіліп тұрып кешірім сұраймын. Мен - өз идеямның құрбанымын. Бұл идея іс жүзінде өзінің дұрыс еместігін көрсетті.

Бұрын тоқалды бәйбішелер өздері алып беретін. Бұл мәселе өмірлік қажеттілігі болғандықтан ғана даналықпен шешілетін. Ол заман енді келмеске кетті. Заман өзгеріп кетті. Он тоғызыншы ғасырдың идеясы қазір өтпейді.

Мен осыны айтайын деп едім. Мен осыны айтуға тиіс едім. Бұны менің айтуға хақым бар. Өйткені бұл "қызықты" молынан басымнан өткердім. Шәкәрімше айтсақ, апанға құлап кетіп, "апанға түспеңдер!" деп айқаласам, менің не кінәм бар?»,  — деп жазды ол.

Осы жазба шыққаннан кейін Ләззат Мырзаш есімді аккаунттың иесі реакция білдірген. 

"... Омардың постын оқыдым және өз сөзіне өзі жауап бере алмағандығы үшін балалары үшін жауапкершіліктен бас тартып отырғаны үшін сотқа беремін деп шештім. Өз балаларын, менің тоғыз ай көтеріп, толғатып туған ұрпақты құнсыздандырғаны үшін сотқа беремін деп шештім", - дейді желі қолданушысы. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу