Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) World Boxing ұйымының президенттік сайлауы алдында негізгі үміткер Геннадий Головкинге қолдау танытып, ресми сайтында арнаулы жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов жазды.
«World Boxing ұйымында қызмет етіп, біздің спортты олимпиада бағдарламасында қалдыруға атсалысып жүрген мамандарға шынайы алғыс білдіреміз. Әсіресе, Геннадий Головкин сияқты аңыз адамның осы іске білек сыбана кіріскені қуантады. Сондықтанбіздің тарап World Boxing ұйымының бастамаларын және Геннадий Головкиннің үміткер ретіндегі батыл шешімін қолдайды» - делінген жазбада.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының президенттік сайлауы 23 қарашада Италияның Рим қаласында өтеді.