Стамбұлдың бас прокуратурасы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға «геноцид жасады» деген айыппен қамауға алу туралы ордер шығарды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Сонымен қатар Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кацқа және үкімет пен армияның тағы 35 өкіліне ордер берілген.
Түркияның бас прокуратурасы 7 қараша күні кешке бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Ордер тізімінде сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік министрі, «Еврейская сила» партиясының жетекшісі Итамар Бен-Гвир мен Израиль армиясының Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Эяль Замир бар.
Прокуратура мәлімдемесінде: «Израиль Газа секторында жүйелі түрде геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар жасап келеді. Мыңдаған адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, мыңдағаны жараланды, тұрғын үйлер қиратылды», – делінген.
Сондай-ақ Израильдің «Бостандық флоты» кемелерін қазан айында Газаға гуманитарлық жүк жеткізу жолында тоқтатқан әрекеті де аталған. Сол кемелердің бірінде шведтік экобелсенді Грета Тунберг те болған.