Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дастан Сәтбаев "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты атанды

Спорт
Дастан Сәтбаев "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты атанды
Фото: "Қайрат" ФК

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Хаттамаға сәйкес, мемлекеттік сыйлық табысты ғылыми жұмысы, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін,  сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін берілді.

Спорт саласында наградталғандар:

  • Сатпаев Дастан Талғатұлы, қазақстандық футболшы, "Қайрат" клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы;
  • Абикеева Аида Нұрланқызы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің  Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының нұсқаушы-спортшысы.

"Дарын" сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған. Ол 35 жасқа дейінгі 10 номинация бойынша талантты жастарға беріледі.

Дастан Сәтбаев 2008 жылы 12 тамызда дүниеге келген. Футболдағы мансабын 2024 жылы "Қайрат-Жастар" клубы сапында бастаған. 2025 жылдың ақпан айында "Қайрат" Дастан Сәтбаевты ағылшын Премьер-Лигасының "Челси" клубына 4 миллион евроға ауыстыруға келісім беретіндігін жариялады. Ол аталған клуб қатарына 2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толғанда қосылуы керек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу