Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлайды.
Жасөспірім қыз 24 қазан күні жоғалған болатын. Сол күні сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кетіп, оралмаған екен.
Бүгін, Жылыой аудандық полиция бөлімі Құлсары қаласының 15 жастағы тұрғыны Жұлдызай Мұсағалиеваның табылғанын хабарлады. Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жылыой ауданы мен Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жасөспірім Ақтөбе қаласында жүргені анықталған.
«Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған азаматшаның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факт бойынша қажетті тексеру жүргізілуде», —
деп нақтылады полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарына көмектескен барлық азаматтарға алғыс білдіріп, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге және олардың қайда жүргенін бақылауға шақырды.