Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

NYT: Тоқаев Путиннің Украинаға қатысты ұстанымына пікір білдірді

Саясат
NYT: Тоқаев Путиннің Украинаға қатысты ұстанымына пікір білдірді
Фото: Ақорда

The New York Times газеті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-пен өзара іс-қимылы, Вашингтонның Орталық Азияға қатысты саясаты және Украина төңірегіндегі қақтығысты реттеу перспективасы жөніндегі пікірлерін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ-тың аймаққа қатысты саясаты туралы айта келе, The New York Times Тоқаевтың сөзін келтіреді: Дональд Трамп әкімшілігі Джо Байденнің командасына қарағанда “саяси тұрғыдан әлдеқайда прагматикалық ұстаным” көрсетіп отыр.

Басылым кездесулердің форматына да назар аударады: Байден 2023 жылы Орталық Азия елдерінің басшыларымен БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Нью-Йоркте кездессе, Трамптың кездесуі Ақ үйде өткен.

“Бұл мүлде басқа көзқарас болды. Мұнда Орталық Азияның маңызын жақсырақ түсінеді”, — делінген материалда Тоқаевтың сөзіне сілтеме жасай отырып.

Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты бөлімде The New York Times Қазақстанның Ресейдің жақын одақтасы болып қала беретінін және оның ұзындығы шамамен 8 мың шақырым ортақ шекарасы бар екенін атап өтеді. Алайда “Тоқаев бейтарап ұстанымды сақтауға тырысып отыр”. Газет еске салғандай, қыркүйек айында ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен.

The New York Times мәліметінше, Тоқаев атысты тоқтату мүмкін деп санайды және Қазақстанның Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерге алаң ұсынуға дайын екенін жоққа шығармайды.

Басылыммен сұхбат барысында Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путин ел ішіндегі қоғамдық пікірдің ықпалына байланысты әрі қарай ымыраға баруы екіталай екенін айтты.

“Путиннің барынша икемділік танытқанын мойындау керек”, — деп Тоқаевтың сөзін келтіреді The New York Times.

Газет бұл мәлімдемені Мәскеудің жазда Донбастың бір бөлігі Ресейдің бақылауына өтсе, майдан шебін “қатып қалдыру” жөніндегі ұсыныстарымен байланыстырады.

“Менің ойымша, Путин едәуір үлкен қадам жасады”, — дейді Тоқаевтың сөзін басылым.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу