Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана – Ресей шекарасы» тас жолының бір бөлігінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Malim.kz.
2025 жылғы 7 қараша күні сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты (жоғары қар, боран, қатты жел, көріну деңгейінің төмендеуі) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу келесі бағыттарда қолданылады:
- Ақмола облысы – «Астана–Шідерті–Павлодар–Успенка–РФ шекарасы» автожолының 16–200 шақырымы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
- Павлодар облысы – осы жолдың 200–254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін)», – делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жолдың ашылуы 8 қараша күні таңғы сағат 8:00-ге жоспарланған.