Жоғарғы сотқа ақыл айтуға болмайды екен

  • 23.10.2020
  • Malim Админ

Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы жұмыс бабымен келген журналистке «маған ақыл айтпаңызшы» деген екен. Әріптесіміз, «Atameken Business» арнасының тілшісі Мөлдір АБДУАЛИЕВА бар-жоғы Айдос САДУАҚАСОВТАН судьялардың съезінен неге дер уақытында видео берілмеді деп сұраған.

[caption id="attachment_8505" align="alignleft" width="960"]Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов[/caption]

«Мемлекет басшысының қатысуымен судьялардың съезі аяқталды. Өкінішке қарай, ұйымдастырушылар эфирге материал әзірлеу үшін бізді видеомен қамтамасыз ете алмады.Осы жағы неге алдын ала ойластырылмады деген сұрағымызға Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов: «маған ақыл айтпаңызшы"деді. Кәсібисіздіктің көрсеткіші не екенін түсінбей-ақ қалдым. Кәсібисіздік ұымдастырушылардың жұмысындағы олқылық па, әлде мына жауабы ма. Осыдан кейін әлеуметтік желідегі сынға ренжиді», - деп жазды Мөлдір Абдулиева facebook-гі парақшасында.  

КазТАГ агенттігінің хабарлауынша, белгілі адвокат Ерлан ГАЗЫМЖАНОВ судьялар «жазалаушы машинаға» айналуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріпті.   

«Солтүстік Қазақстаннан келген судья Курынованың съездегі сөзін тыңдадым. Менің түсінгенім, судья БАҚ өкілдері сотқа қысым көрсетеді деп есептейді екен. Судья президетке БАҚ-та сот бойынша тек прокурорлардың шығуын сұрады. Судья шынымен де сотты жазалаушы машинаға айналдырып жібергісі келе ме», - деді адвокат Газымжанов.

Фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды

12.10.2020

Миллионерлер ақшасын Nur Otan таратады

24.03.2020

Карантин кезінде Тоқаев тапсырмасымен заң жобасы мақұлданды

22.04.2020

Тоқаевты тыңдамайтын, халықты естімейтін министрлер

28.09.2020

Даулы заң: Тоқаев Конституциялық кеңеске жүгінді

12.05.2021

Келесі премьер кім? Байбек, Нығматулин, Бозымбаев...

12.01.2021