Дәрі-дәрмек нарығы 4 жылдан кейін 46 миллиард долларға жетеді

  • 09.11.2020
  • Malim Админ

Виртуалды алаңда бір апта бойыхалықаралық фармацевтикалық ірі компаниялардың өкілдерін, ЕАЭО елдерінен және Еуразия өңіріндегі басқа да мемлекеттеріндегі фармацевтика сарапшыларын, сондай-ақ салалық ұйымдардың өкілдері мен реттеуші органдардың мамандарын жинаған «Advantix Pharma» жаһандық Еуразия виртуалды фармацевтика саммиті аяқталды.

Саммитте сарапшылар, қатысушылар тәжірибемен бөлісіп, ЕАЭО бірыңғай қағидалары бойынша дәрілік препараттарды тіркеудің міндетті жүйесіне көшу және оған COVID-19 енгізген түзетулер, ЕАЭО-та дәрілік препараттарды таңбалау, әлемдік пандемия жағдайындағы GMP инспекциялары, Еуразия елдеріндегі дәрілік препараттарға бағаны белгілеу, жаңа шындық жағдайында дәрігерлермен коммуникацияның өсіп келе жатқан сегменті ретіндегі вебинарлар және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады. Сонымен қатар, саммитте өңір елдерінің фармацевтикалық нарықтарының жай-күйі, реттелуі, әлеуеті мен даму перспективалары сөз болды.

Саммиттің негізгі презентациясы «Жаңа онжылдық – фармацевтикалық компаниялар үшін жаңа сын-қатерлер» тақырыбындағы пікірталас болды. Ол өзгеріске ұшыраған жағдайда регулятор мен дәрігерлердің фармацевтикалық компаниялардан нені күтетіні, нарық жетекшілерінің дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету стратегиясы және олардың қол жетімділігі, COVID-19 дәуірінде цифрлық технологияларды қабылдауды жеделдету қажеттілігі және өзге де тақырыптарды қамтыды.

«Қазір осы саладағы әр талқылаудың басты бағыты COVID-19 болып отыр, таңқаларлық жайт емес, өйткені нарық көптеген елдерде ұқсас орын алған карантин мен локдаун жағдайына сезімтал тіл қатты. Адамдар қоршаған әлемнен 1,5-2 айға, ал кейбір елдерде 3 айға дейін ажыратылды. Практикалық түрде барлық аймақтарда антисептиктер мен вирусқа қарсы препараттарға сұраныстың өсуі байқалды. Кейбір мемлекеттер коронавируспен күресу немесе алдын-алу үшін қолданылған дәрі-дәрмектерді қаржыландырды. Егер ТМД аумағында фармацевтикалық препараттарды сатып алудың демеушісі рөлін атқарған мемлекеттер туралы айтатын болсақ, онда бұл кезекте Ресей мен Қазақстан жетекші орынға ие», - деп атап өтті IQVIA компаниясы Ресей және ТМД өңірінің бас менеджері Николай Демидов.

ЕАЭО мен ТМД фармацевтикалық нарығының жыл сайынғы өсімі 2019-2024 жылдары 10-12%-ды құрайды және ақшалай мәнде 2024 жылы 46 миллиард долларға жетеді деп болжануда. Бұл ретте табыс деңгейінің өсуі, денсаулықты тексерудің/скринингтің мемлекеттік бағдарламалары, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және ерекше ауруларды емдеуге арналған мемлекеттік шығыстарды ұлғайту өсудің негізгі драйверлері болмақ.

Сонымен бірге, пандемия жағдайды едәуір қиындатып, даму перспективаларын нашарлатуы мүмкін. Саланың келесі 10 жылда кездесетін қиындықтары және пациенттер үшін қауіпті азайту үшін не істеуге болатындығы туралы Takeda компаниясы ICMEA өңірінің (Үндістан, Түркия, ТМД, Таяу Шығыс және Африка) медициналық қатынастар басшысы және аға медициналық директор, доктор Тоби Шепард атап өтті:

«Біз сеніммен қызмет етеміз, осыған қоғам негізделеді. Біз үшін бұл – заң шығарушы органдардың сенімділігі және пациенттерге ең үздік технологиялар мен инновациялық әзірлемелерді жеткізудегі біздің еңбегіміз. Пандемия фармацевтика саласындағы нақты цифрлық революцияның себебіне айналды. Біз COVID-19-ға тап болған кезде, барлық дәрігерлердің медициналық қызметтерге деген сұранысының өте жоғары болғанын көрдік. Осы көтерілудің шеңберінде пациенттердің барлығының бірдей дәрігерге баруына мүмкіндігі болмады. Бұл біздің үздік сандық шешімдерді іздеуімізге түрткі болды. Пандемия аяқталған кезде, біз жасалған құралдарды қолдана аламыз және қолдануды жалғастыруымыз қажет. ТМД және Еуразиялық одақ елдеріндегі фармацевтика индустриясында тиімді цифрлық трансформация жасалу керек».

Саммит соңында Eurasian Pharma Awards сыйлығы табысталды. Байқауға қатысуға фармацевтикалық өндірушілер, дистрибьюторлар және дәріхана желілері шақырылды. Өтінімдер 2020 жылы Eurasian Pharma аясында фармацевтикалық нарықтары жарияланған барлық елдерден қабылданды, олар: Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Украина, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Тәжікстан және Моңғолия. Сыйлық 13 аталым бойынша табысталды. «Жыл компаниясы (жергілікті)» аталымында «Р-Фарм» КТ, «Жылдың коммерциялық директоры» және «Маркетинг жөніндегі жыл директоры» аталымы бойынша Takeda (Қазақстан) биофармацевтикалық компаниясы, «Жыл дистрибьюторы» аталымы бойынша Grand Pharm Trade (Өзбекстан), «Жылдың әлеуметтік-жауапты жобасы» аталымында Merck және Acino Беларусь, ал Novartis, Sanofi, Катрен «Жылдың сандық жобасы» аталымында жеңімпаз танылды.

 

Байланысты жаналықтар

"Болашақ" бағдарламасына биыл қандай өзгерістер енгізілді?

22.04.2021

«Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ консулдығына барды

23.10.2020

Бейсекеңнің қадірін білмедік

04.12.2020

Қазақтан неге Буффондар шықпайды?

07.05.2021

Тағы 9 адамнан коронавирус анықталды

26.03.2020

Украиналық журналист: Қазақтар, Ресейге сенбеңдер

19.12.2020