457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анаңды Мәжілісте құттықтауға болады. Әдептен озбасаң болды.

IMAGE: ©tengrinews.kz

Мәжіліс парламентте аналарды құттықтауға рұқсат берді. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымы хабарлайды. Аталған басылым Мәжіліске депутат Ардақ Назаровтың парламент отырысында анасын құттықтаған қылығына қатысты сұрау жіберген екен.

Ол сұрауға берілген жауапта, Мәжіліс, Назаровтың әрекетінен депутаттық этика мен күн тәртібін бұзу белгілерін көрмегені айтылыпты.


"10 қыркүйек күні Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ардақ Назаровтың өз анасын құттықтауына байланысты - оның қылығынан Парламент пен Мәжілістің регламентін, сонымен бірге - депутат этикасы ережелерін бұзу белгілерін көрмедік", -


делінген екен жауапта.

Мәжілістің тұжырымынша, депутаттың қылығы пленарлық отырыстың өтуіне нұқсан келтірмеген және әдептен озбаған. Осылайша, Парламент төрінен өз анаңды құттықтауға болады, әйтеуір әдептен озбасаң болды деген қорытынды шығаруға болады деп түйеді басылым.