Нарынқолда қоныс той

Malim Админ

  • 21.11.2020

Шекарамызды шегендеп тұрған Алматы облысына қарасты  Нарынқол ауылында қоныс той!  Бүгін 40-тан астам тұрғын үй берілді. Бұл шараға Талдықорғаннан арнайы облыс əкімі Амандық БАТАЛОВ келді, - деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі.

Нарынқолда көпбалалы аналар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік мекемеде еңбек ететін мамандар үйлі болды. Бұл үйлер сексен үш коммуналдық үйдің бірінші, екінші кезеңі бойынша аяқталған баспаналар екен. Демек алда тағы да қоныс тойдың жалғасы болады деген сөз бұл.

Бүгін үйлі болғандардың арасында эпидемиолог дәрігер Құралай Бурабаева да бар. Медицина саласының маманы коронавирус бұқараны әбігерге салып жатқанда қиырдағы ауданға қоныс аударған. Сын сағатта халық қасынан табылып, ауыр дертке шипа ұсынған маман  еңбегі еленіп, су жаңа үйдің кілтін алып отыр.

«Пандемия басталғалы осы Нарынқол аудандық ауруханасына Алматы қаласынан ауысып келдім. Халықты емдеуде қолымнан келгенше көмегім тисін деп. Туған жерге туыңды тік деген қағиданы жолдасымыз екеуіміз ұстанып келдік. Жұмыс істеймін деген адамға баспана беріліп жатыр. Барлық жағдай жасалып жатыр. Жастарды ауданымызға еңбек етуге шақырамын. Естеріңізде болса тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ «Туған жер» бағдарламасын жариялап еді ғой. Сондықтан да ел ішіне келген жайымыз бар », - дейді эпидемиолог дәрігер Құралай БУРАБАЕВ.

Ауылдың оңтүстік батысында пайда болған шағынаудан қалашық іспетті. Барлық инфроқұрылым бар. Жаңа жол төселіп, көше бойында электр шамы самаладай жарқырап тұр. Үйлер әзірге қатты отынмен жылынады. Болашақта газ тарту жағы да қарастырылып жатыр екен. Үйлер кең. 80-90-100 шаршы метрлік. Әуелі әр үйдің кіре берісінде пандус та бар.

«Жастар үшін ауданда жағдай жасалып жатыр. Баспаналы болып қуанып жатырмыз. Енді тек еңбек ету керек. Үйлі болып жатқан ағайынның қуанышында шек жоқ. Мемлекет баспана мәселесін шешіп жатыр. Жастарға, түрлі санаттағы адамдарға арналған баспана бағдарламасы қазір көп. Соңғы жолдауында президентіміз Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қазақстандықтардың әлеуметтік  әл-ауқаты тұрғын үймен тығыз байланысты деген еді. Және үкіметке соны шешуді нақты тапсырған. Сол жұмыс нәтижесін ақырындап көріп жатырмыз », - дейді тағы бір баспаналы болған азамат Жалғас СҮЛЕЙМЕНОВ.

Жиырма бір жылдан кейін елді мекеніміздің шырайы кірді деген нарынқолдықтар жергілікті билік өкілдері мен үкіметке деген алғыстары шексіз. Тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3242 шаршы метр. Құрылысын «Фуд МС» компаниясы жүргізген. Бұл жерде тағы бір айта кететін жайт. Мемлекеттік қызметтегі мамандарға үй жалға берілген. Себебі, мәселен, әкімдік я болмаса прокуратура саласында еңбек ететіндер қызмет бабы ауысып, басқа жаққа көшіп кетуі мүмкін. Сондықтан да сондай жағдайда олардан қалған баспана үйге мұқтаж өзге жандарға беріледі екен.

«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Баспаналы болып жатырмыз. Сол үшін арнайы облыс орталығынан Амандық Ғаббасұлы да келіп жатыр. Ауылымыз қазір екі жылдың ішінде жақсы жағына өзгеріп кетті. Кезінде үдере көшкен ел кеп жатыр. Жаңа жұмыс орындары да көптеп ашылды. Адам баласына өмір сүру үшін баспанадан басқа не керек? Көңіл күйіміз тамаша. Бәріне жұғысты болсын дейміз», - деді нарынқолдық тұрғын Қуаныш АБАЕВ «МӘЛІМ КЗ» сайтының тілшісіне берген сұхбатында.  

Қазір Нарынқолда халықтың саны қырық мыңға жақындап қалыпты. Бұл өңірдегі ішкі миграциядағы қуантарлық көрсеткіш. Шекаралы аймақтағы халық санының артуы һәм жергілікті демографияның артуы. Мәселен биылғы жылы аудан орталығында алты жүзге жуық сәби дүниеге келіпті. Бұл былтыры жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

«Шекараның шебінде, облыстың шетінде қайта шаңырақ көтерген Райымбек ауданының жаңарып, көркейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен қайта құрылғаннан бері аудандағы халық саны өсіп, 40 мыңға жуықтады. Соның ішінде екі мыңнан аса адам туған жеріне қайта оралды. Ауданның дамуына, инфрақұрылымын қалпына келтіруге бюджеттен 17,9 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Жолдары жасалып, көшелеріне асфальт төселіп, жаңа ғимараттар салынды. Басқа да игіліктердің барлығы жасалуда. Соның ішінде бірінші кезекте, ауданға жұмыс істеуге келген қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешіп келеміз. Бүгін, міне, салынып жатқан 83 коммуналдық тұрғын үйдің 33-ін қолданысқа беріп отырмыз. Қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Алматы облысының әкімі  Амандық  Баталов.

 

Келер 2021 жылы нарынқолдықтар үшін тағы да өз қуанышын ала келмек. Яғни аспантау аясындағы ағайын 50 жаңа тұрғын үйге кіретін болады. Ол үшін Жаңатал өзені жағасынан 3,45 гектар жер бөлініп, қазынадан 1,1 миллиард теңге қаражат бөлініп қойған екен.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды