Қытай зорлық-зомбылықты тоқтатып, мұсылман қауымының мәдениетін мойындауы тиіс

Malim Админ

  • 29.11.2020

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Мари Ройс бұрын Шыңжаң лагерлеріне қамалған, не туған-туыстары ұсталып, жоғалып кеткен қазақ және ұйғыр ұлт өкілдерімен кездесті.

Ройс кездесуге келгендерге өз бастарынан өткендерін ашық айтуда батылдық танытқандары үшін алғыс айтты, олар айтып берген жайттар Қытай Халық Республикасының зорлықшыл саясатының шынайы бет-бейнесін көрсетеді және ҚХР-ға адам құқығын бұзуын тоқтатуы үшін халықаралық қысымның күшеюіне ықпал етеді.

Ройс: “Қытай үкіметінен зомбылықты тоқтатып, Шыңжаңның мұсылман және түркі қауымының өз дініне табынып, өз мәдениетін құрметтеуге деген құқығын мойындауды талап етуде біз сіздермен біргеміз. Сіздерді тыңдау бүгін мен үшін үлкен құрмет. Мен сіздерден естігенімді өзіммен әкетіп, Шыңжаңда болып жатқан жағдай туралы шындықты бұдан да көп адамға бөлісемін,” деді.

Шыңжаңда Қытай коммунистік партиясы ұйғырларға, қазақтарға және басқа да азшылық ұлт өкілдеріне қарсы адам құқықтарын өрескел бұзуда. Құжатталған құқық бұзушылықтарға халықты мәжбүрлеп бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту, лагерлерде себепсіз ұстау, жаппай қадағалау, отбасының бөліп-жару, мәдени және діни салт-жораларға тосқауыл қою жатады.

Америка Құрама Штаттары Қытай коммунистік партиясын бұл сұмдық тәжірибені тез арада тоқтатуға шақырады.
Байланысты жаналықтар

Трамптың әлеуметтік желі парақшалары бұғатталды

07.01.2021

АҚШ Қазақстанды Ілияшевтің құқығын шектемеуге шақырды

26.06.2020

Байлық салығын көбейтсе, 165 адам кедейленіп қалмайды

12.05.2020

Трамптың отбасы мен кеңесшілері қырқысып жатыр

07.11.2020

АҚШ басылымы: Путин Байденнің жеңісін ақыры мойындады

15.12.2020

Ресей сенаторы: «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ»

01.02.2021
MalimBlocks
Трамптың әлеуметтік желі парақшалары бұғатталды

АҚШ Қазақстанды Ілияшевтің құқығын шектемеуге шақырды

Байлық салығын көбейтсе, 165 адам кедейленіп қалмайды

Трамптың отбасы мен кеңесшілері қырқысып жатыр

АҚШ басылымы: Путин Байденнің жеңісін ақыры мойындады

Ресей сенаторы: «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ»