Трамп Путинмен кездесуге дайындық процесі басталғанын мәлімдеді

Malim Админ

  • 10.01.2025

АҚШ-тың сайлауда жеңіске жеткен президенті Дональд Трамп қазіргі уақытта Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайындық процесі жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ВВС жазды.

– Ол кездескісі келеді, біз дайындық жүргізіп жатырмыз.

Бұлай деп Трамп Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында республикалық губернаторлармен кездесу алдында журналистерге айтқан.

– Президент Путин кездесу өткізгісі келеді. Ол бұл туралы тіпті жария түрде айтқан және біз бұл соғысты аяқтауымыз керек, – деп қосты Трамп.

Ол бұған дейін бірнеше рет соғысты тоқтататынын айтқан, бірақ қалай тоқтататыны туралы жоспарын айтқан жоқ

Украина Президенті Зеленский блогер Фридманға берген сұхбатында ең алдымен Трамппен, содан кейін ғана Ресеймен келіссөздер жүргізу керек екенін ескерткен.

Кездесу қашан өтетіні туралы Трамп нақты ештеңе айтқан жоқ.

Кремль Трамптың сөздеріне үн қатпады, алайда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өткен күні журналистерге Трамп 20 қаңтардағы инаугурациядан кейін Ресей президентімен байланыс орнату ниетін сақтаса, Мәскеу мұны тек қана құптайтынын айтты.

– Егер қызметке кіріскеннен кейін жоғары деңгейдегі байланыстарды қайта бастау туралы саяси ерік-жігер сақталса, әрине, президент Путин мұны тек қана құптайды,  деді ол.

Трамп бұған дейін Путинмен келіссөз оның президенттік қызметіне кіріскеннен кейін алты ай ішінде өтуі мүмкін екенін айтқан.

Песков бейсенбі күні АҚШ тарапынан мұндай кездесуге өтініштер түспегенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Путин желтоқсандағы тікелей эфирде Трамппен кездесуге дайын екенін жеткізген.

Қараша айында, Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жеткеннен кейін бір аптадан соң Washington Post газеті Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылағанын жазған.

Кремль бұл ақпаратты «қияли әңгіме» деп атады.

Фото: AFP

Байланысты жаналықтар

Ақырзаманның алғашқы күні

03.03.2025

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

25.02.2025

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

25.02.2025

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

24.02.2025

Трамп Ресеймен келіссөздің екінші рунды туралы айтты

23.02.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025
MalimBlocks
Ақырзаманның алғашқы күні

Жуырда қайтыс болған қас суреткер Мұхтар Мағауиннің Соңғы жазбасы. Ол Дональд Трамптың Президент болып сайлануы туралы өз пікірін білдірген.

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

Трамп Ресеймен келіссөздің екінші рунды туралы айтты

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым