Malim.kz сайтында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Malim Админ

  • 02.12.2020

2020 жылғы 21 қазандағы ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы №29/334 қаулы мен "Сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес, Malim.kz ақпарат агенттігінің меншік иесі – Malim Media ЖШС сайлауға қатысатын саяси партияларға malim.kz сайтында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыруға мүмкіндік береді. Осы орайда Malim Media ЖШС партиялық тізіммен сайлауға түсетін кандидаттарға malim.kz сайтында үгіт-насихат материалдарын жариялау шарттары мен ақысы туралы хабарлайды.

Сайттан орын ұсыну туралы келісім үміткер партия мен сайттың меншік иесінің арасында жазбаша түрде жасалады.

Үгіт-насихат материалдарын сайт бетіне орналастыру үшін үміткер партия немесе оның сенімді өкілінен  жазбаша өтініш түсуі шарт. Келісімшарт  жасалуы үшін мына құжаттар қоса ұсынылуы шарт:

  1. Партиялық тізімді ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның сенімді өкілі екенін растайтын құжат көшірмесі;
  3. Үміткер партия немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзімі;
  4. Жазбаша өтініште үгіт-насихат материалының көлемі мен түрі туралы көрсетілуі шарт;
  5. Дайын үгіт-насихат материалы берілген жағдайда, мәтіннің қағазға шығарылған нұсқасында сенімді өкілінің қолы қойылып, мәтіні электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.
  6. Өтініш беруші саяси партияның сенімді өкілінің жеке куәлігі де қоса ұсынылады.

Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру 2020 жылғы 11 желтоқсан күні таңғы сағат тоғызда басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарында сағат 23.59-да аяқталады.

Саяси партиялар немесе олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат материалдарын сайтқа дайын түрде жарияланымнан үш сағат бұрын беруге тиіс.

Егер мәжіліске үміткер партия сайлауалды бағдарламасында Республиканың конституциялық құрысылын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, рулық, тектік-топтық, ұлттық, діни араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздау бар болатын болса, сайт үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

 

Malim.kz ақпарат агенттігінде үгіт-насихат материалдарын  орналастырудың ақысы

 

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды