Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Пандемия кезінде еріктілердің рөлі артты

Баладан бастап қартқа дейін ерікті бола алады

malim Авторы: malim
03.12.2020
inform.kz

inform.kz

Share on FacebookShare on Twitter

«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановтың айтуынша, биылғы жылы еріктілердің рөлі арта түсті. Мұның бірден-бір себебі 2020 жылдың еріктілер жылы деп жариялануымен байланысты екені түсінікті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде қайырымдылық қорлары мен еріктілер қозғалысының өкілдері өздері атқаратын шаралар туралы айтып берді.

“Биылғы жылы волонтерлік ұйымдардың жұмысын қалай күшейгеніне өзіміз куә болдық. Пандемия кезінде еріктілер аянбай еңбек етіп, ерен ерліктің үгісін көрсетті. Тәжірбие көрсеткендей, біз тек осы жылмен шектелмей, одан әрі елімізде еріктілерді де, қайырымдылық қорларды да белсенді дамытуымызға үлес қосуымыз керек”, – деді И.Сламжанов.

Ал “Клуб добряков” еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева өзінен көптеген жастардың “волонтер қандай болады?” деп көп сұрайтынын жеткізді.

«Волонтердің ресми портреті жоқ. Бізде бес жасар қыз бар, ол ойыншықтарын жинап, аз қамтамасыз етілген балаларға береді. 83 жастағы әже бар, ол да ерікті: қолдан тоқыған қолғап, шұлықты қамқорлығымыздағы басқа жалғызбасты қарттарға береді. Бірақ, студенттер көп. Оларға қандай да бір сертификаттар немесе оқу гранттары берілсе екен деймін», – деді Г.Әбдірашева.

«ШҰҒЫЛА» қоғамдық қорының құрылтайшысы Мейрхан Абдрахманов болса, қор қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталғанын түсіндірді. Айтуынша, көмек әлеуметтік жағдайы төмен, оның ішінде көпбалалы, толық емес, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасыларға көрсетіледі.

«Киім мен тұрмыстық заттар беріп, көмек көрсеттік. Соңғы 5 жылда 96 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді. (96000 тоннадан астам киім) Жылу сыйла бағыты бойынша көмір таратылды. Соңғы 5 жылда 36 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. (3700 тоннадан астам көмір) Мектепке жол – мектеп кеңсе тауарларын тарату бағыты да бар. Соңғы 5 жыл ішінде 15 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. (3000-нан астам мектеп жиынтығы)», – деді М.Абдрахманов.

Ұқсас жазбалар

parlam.kz

Жаңа депутаттардың оқымаған оқуы жоқ

Авторы: malim
15.01.2021
0

VII шақырылымдағы мәжіліске агроном, мал дәрігері мен зооинженерден бастап философ пен тарихшыға дейінгі әртүрлі мамандық иелері жиналыпты. Депутаттардың арасында бір...

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

Авторы: malim
15.01.2021
0

Парламент мәжілісінің VII шақырылымдағы депутаттары жаңа спикерді сайлады. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Нұрлан Нығматулинді спикер етіп сайлады....

Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

Авторы: malim
15.01.2021
0

Жаңадан сайланған мәжіліс алдында үкімет өкілетін доғарды, алайда Мәминнің министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндетін уақытша атқаратын болады....

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бас прокурор Рысқалиевке дүние-мүлкін қайтарып бергісі келеді

14.06.2020

Бауыржан Байбек «Nur Otan» Жақтастарының лигасымен кездесті

20.08.2020
Д.Баешева

Инфекционист маман: Коронавирус – интеллектуалдық соғыс

16.10.2020

Абаев митингіге шыққандарды кім санайтынын білмейді

17.02.2020

Ербол Алшынбай. “Бұл бөлмеге жыр жазуға кіргенмін…”

23.09.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!