Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

20 мың теңге пара және карантин кезіндегі ұстау операциясы

Сұқбат
20 мың теңге пара және карантин кезіндегі ұстау операциясы

Қостанайда 20 мың теңге пара алған полиция ұсталды. Қаладағы бесінші ықшам ауданында орналасқан «Подсолнух» супермаркетінде полицейді облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет пен полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік өкілдері ұстаған. Олардың барлығы карантинге сай әппақ қорғаныс киімінде болыпты.

Аудандық ішкі істер бөлімінің полицейі жол ережесін бұзған жүргізушіден 20 мың теңге алған. Облыстық полиция департаментің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «айыппұлды» өз қалтасына салған полиция 216 жылдан бері ішкі істер саласында еңбек етіп келе жатыр екен.

Қазір ол жұмыстан шығарылып, тікелей басшысы ескерту алған.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Қостанай облысындағы басшысы Қуанышбек БЕКБАСОВ төтенше жағдай кезінде де шенеуніктерді көзден таса қылмай жүрміз деп мәлімдеді.

Фото: 24.kz

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу