Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2025 жылдан бастап медициналық кітапшаны онлайн алуға болады

Сұқбат
2025 жылдан бастап медициналық кітапшаны онлайн алуға болады

Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары толығымен онлайн-форматқа көшеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмысқа жіберу туралы мөр үшін терапевтке қайта бару қажет болмайды.

Медициналық кітапша электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады.

«Кітапша беруді автоматтандыру процесі соңғы кезеңде. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде «Е-Денсаулық» сервисі «Жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін қабылдауды бастайды», - делінгшен министрлік хабарламасында.

 

Фото: ашық дереккөзден 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу