freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

28-30 мамыр аралығында ауа райы нашарлайды

Экология
28-30 мамыр аралығында ауа райы нашарлайды
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге қысқаша ауа райы болжамын ұсынды. 28, 29 және 30 мамыр күндері ауа райы қандай болатыны айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамыр айының соңғы күндерінде республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі.

Солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Үш күн бойы батыс пен солтүстік-батыста, 28 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, ал 28–29 мамырда солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түсуі мүмкін. Жауын-шашын екпінді желмен қатар жүреді. Жалпы республика бойынша жел күшейеді деп болжануда.

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +15…+25°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта алғашқы күндері +17…+25°С-қа дейін төмендеп, соңына қарай +20…+33°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста температура +15…+25°С пен +20…+30°С аралығында құбылады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста басында +20…+28°С-қа дейін төмендеп, соңында +27…+38°С-қа дейін жоғарылайды.

Қазгидромет бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында 27, 28 және 29 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын да жариялаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу