Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Адвокатты соққыға жыққан Тұрлыхановтың ұлына қандай үкім шықты?

Сұқбат
Адвокатты соққыға жыққан Тұрлыхановтың ұлына қандай үкім шықты?

20 жастағы Нұрасыл Болатқа (Тұрлыхановтың төртінші ұлы әрі кенжесі - ред) алматылық ерлі-зайыпты әрі заңгер Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті соққыға жыққаны үшін айып тағылған болатын. Іс материалын зерделеп, тараптарды тыңдай отырып, сот мынадай қорытындыға келген.

-Нұрасыл Болат қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынсын, - деді судья Дихан Әлиасқаров.

Айта кетейік, оқиға осы жылдың 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған еді. 

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған.

Бұл жағдай қоғамда дау тудырған соң, Алматы қаласының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан адам мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған еді. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу