Бразилияда әуе шары құлап, сегіз адам қаза тапты

Бразилияның Санта-Катарина штатында әуе шарының құлауы салдарынан кемінде сегіз адам қаза тапты. , деп хабарлайды Malim.kz Diario de Navarra газетіне сілтеме жасап.
Бұл туралы штат губернаторы Жоржинью Меллу X әлеуметтік желісінде хабарлады.
«Әуе шарында барлығы 21 адам болған — 8 адам көз жұмды, 13 адам аман қалды. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», — деп жазды ол.
Губернатор қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті барлық көмекті көрсетуге уәде берді.
Бразилиялық Globo телеарнасының хабарлауынша, әуе шары ауада жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шарының себеті ішінде орналасқан жанарғыдан шыққан. Оқиға болған кезде аймақта ауа райы ашық болған.
Шар медициналық орталыққа жақын ауылдық жерде құлаған. Аман қалғандар, соның ішінде пилот та бар, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қазір апаттың себептері тергеліп жатыр.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
