457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еурокомиссия Ресейдің энергия көздерінен бас тартуды жылдамдатпақ

Ресейдің әскери экономикасы "Украинадағы қанды қақтығысты" үдетіп отыр. Сондықтан Еуропалық комиссия Ресейдің энергия көздерінен бас тарту жоспарын жеделдетуді ұсынады, деп мәлімдеді ЕК төрайымы Урсула фон дер Ляйен АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлескеннен кейін.

2024 жылдың 16 қыркүйегінде, сейсенбі күні Урсула фон дер Ляйен Ресейден мұнай мен газ импортына тәуелділіктен бас тартуды жеделдетуді Еурокомиссия ұсынатынын хабарлады.

"Ресейдің қазба отынынан түсетін табыспен қолдауға ие әскери экономикасы — Украинадағы қантөгісті қаржыландырып отыр. Бұған тоқтау салу үшін, Еурокомиссия Ресейдің қазба отынын импорттаудан бас тарту үдерісін жеделдетуді ұсынады", — деп жазды фон дер Ляйен әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Еурокомиссия басшысының айтуынша, Трамппен телефон арқылы болған әңгіменің тақырыбы Ресейге экономикалық қысымды күшейту болған. Сондай-ақ, фон дер Ляйен Еурокомиссия жақын арада Ресейге қарсы "криптовалюта, банк саласы және энергетикаға" бағытталған 19-санкциялық пакетті ұсынатынын жеткізді.

Бұған дейін әзірленген ЕО жоспары бойынша, Еуроодақ елдері 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін Ресейдің энергия ресурстарынан толықтай бас тартуы тиіс болған.

Былтыр ЕО-ға Ресей газының импорты 18%-ға артты

Наурыз айында Ember атты аналитикалық орталық 2023 жылмен салыстырғанда, өткен жылы ЕО мемлекеттері Ресей газын импорттауды 18%-ға арттырғанын хабарлады. Ember деректері бойынша, Ресей газын ең көп сатып алып отырған елдер — Италия, Чехия және Франция. Есепте көрсетілгендей, бұл импорт 2025 жылы да арта бермек. 

Фото:  Pascal Bastien/AP Photo/dpa/picture alliance