Гонконгтық 51 құтқарушы Мьянмадағы апат аймағына барды

Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асты

Malim Админ

  • 30.03.2025

Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағы (Сянган) билігі жөнелткен құтқару тобы кеше түнде Янгонға барды. Гонкондықтар Мьянманың апат аймағындағы іздеу-құтқару жұмыстарына жергілікті топтарға қосылады. Бұл туралы China Daily газеті хабарлады,- деп жазады ТАСС.

Қала билігі бұған дейін таратқан баспасөз хабарламасында атап өткендей, жасақ құрамында 51 адам бар. Бұл қалалық өртке қарсы қызмет басқармасының 40 қызметкері, сондай-ақ дәрігерлер, екі іздестіру иті бар кинологтар және басқа да мамандар. Сондай-ақ Гонконгтан Мьянмаға тоғыз тоннаға жуық түрлі техника жеткізілді.

Айта кетейік, Мьянмада 28 наурызда күшті жер сілкінісі болды. Тайланд метеорологиялық департаментінің мәліметі бойынша, оның магнитудасы 8,2 болды. Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асты. Жер сілкінісінен Таиланд та зардап шекті, жер асты дүмпулері Қытай мен Вьетнамда сезілді.

Сонымен қатар Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 17 адамға жетті, 32 адам жараланды, 83 адам із-түзсіз жоғалды.

Фото: Lam Yik/Reuters

 

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді